Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Қайта жаңғыртудан кейін Маңғыстау станциясының теміржол вокзалы ашылды
Аймақ жаңалықтары

Қайта жаңғыртудан кейін Маңғыстау станциясының теміржол вокзалы ашылды

23.10.2026371 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Маңғыстау облысында 1969 жылы салынған Маңғыстау станциясының қайта жаңғыртылған теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Қайта жаңғырту барысында вокзалдың техникалық қабаты бар үш қабатты ғимараты толық жаңартылды. Қасбеті мен шатыры, ішкі бөлмелері, инженерлік желілері және байланыс жүйелері жаңартылды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

Ғимаратта билет кассалары, күту залдары, тексеру аймағы, ана мен бала бөлмесі, ұзақ уақыт демалуға арналған бөлмелер, сондай-ақ сауда және сервистік қызмет көрсету нысандары жабдықталды.

Кедергісіз орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді. Вокзалда лифтілер, эскалаторлар мен траволаторлар орнатылып, тактильді навигация жүйесі және қозғалысы шектеулі жолаушылардың демалуына арналған арнайы бөлмелер қарастырылды. Сонымен қатар вокзал бейнебақылау, желдету, өрт қауіпсіздігі және қолжетімділікті бақылаудың заманауи жүйелерімен жабдықталды.

Маңғыстау станциясының вокзалы I санатқа жатады. Орташа тәуліктік жолаушылар ағыны шамамен 2 500 адамды құрайды. Станция арқылы өңірді Алматы, Астана, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Жезқазған, Павлодар, Семей, Түркістан, Шымкент, Тараз, Орал және Атырау қалаларымен, сондай-ақ Өзбекстанмен байланыстыратын 16 жолаушылар пойызы қатынайды.

Вокзалды жаңарту жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, қолайлы жағдай жасауға және Маңғыстау облысының теміржол инфрақұрылымын одан әрі дамытуға бағытталған.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстанда 56 мыңнан астам жұмысшының еңбек құқығы қорғалды

23.10.2026414 Views

Талдықорғанда 62 мың тұрғынға қызмет көрсететін жаңа емхана ашылды

23.10.2026352 Views

«Қазақстан халқына» Теміртауда балабақша салып жатыр

23.10.2026524 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 56 мыңнан астам жұмысшының еңбек құқығы қорғалды

23.10.2026

Талдықорғанда 62 мың тұрғынға қызмет көрсететін жаңа емхана ашылды

23.10.2026

«Қазақстан халқына» Теміртауда балабақша салып жатыр

23.10.2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі

23.10.2026

Қайта жаңғыртудан кейін Маңғыстау станциясының теміржол вокзалы ашылды

23.10.2026

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 160 ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

23.10.2026

Қазақстан жолдарында заманауи бақылау жүйелері енгізілуде

21.10.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.