Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Денсаулық»Талдықорғанда 62 мың тұрғынға қызмет көрсететін жаңа емхана ашылды
Денсаулық

Талдықорғанда 62 мың тұрғынға қызмет көрсететін жаңа емхана ашылды

23.10.2026352 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Республика күні қарсаңында Жетісу облысының Талдықорған қаласында жаңа қалалық емхана ашылды. Бір ауысымда 500 адамды қабылдауға арналған медициналық мекеме 62 мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсетіп, алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Бес қабатты емхананың жалпы ауданы 11 562,7 шаршы метрді құрайды. Ғимарат магниттік-резонанстық және компьютерлік томографтармен, рентген және маммография аппараттарымен, заманауи зертханамен жабдықталған. Мұнда отбасылық денсаулық орталығы, күндізгі стационар және Талдықорғанда алғаш рет ашылатын амбулаториялық хирургия орталығы жұмыс істейді.

Медициналық мекемеде 32 медициналық учаске жұмыс істейді. Штаттық бірліктердің жалпы саны – 445. Тұрғындарға жалпы практика дәрігерлері мен бейінді мамандардың консультациялары, учаскелік қызмет және диагностикалық зерттеулер ұсынылады. Ғимаратта қозғалысы шектеулі азаматтарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға да ерекше мән берілген.

Өңірде медицина кадрларын тарту жұмыстары да жалғасуда. Қалаға жұмысқа келген дәрігерлерге 5 млн теңге, ауылдық жерлерге барған мамандарға 10 млн теңге көлемінде біржолғы көтермеақы қарастырылған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде дәрігер тапшылығы екі еседен астамға қысқарды.

Жетісу облысы құрылғаннан бері өңірде 149 жаңа медициналық нысан салынды. Оның 59-ы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында бой көтерді. Сонымен қатар 15 медициналық нысан күрделі жөндеуден өтті. Соңғы төрт жылда әлеуметтік сала инфрақұрылымын жаңғырту деңгейі 55,8%-ға жетті.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстанда 56 мыңнан астам жұмысшының еңбек құқығы қорғалды

23.10.2026414 Views

«Қазақстан халқына» Теміртауда балабақша салып жатыр

23.10.2026524 Views

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі

23.10.20261 091 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 56 мыңнан астам жұмысшының еңбек құқығы қорғалды

23.10.2026

Талдықорғанда 62 мың тұрғынға қызмет көрсететін жаңа емхана ашылды

23.10.2026

«Қазақстан халқына» Теміртауда балабақша салып жатыр

23.10.2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі

23.10.2026

Қайта жаңғыртудан кейін Маңғыстау станциясының теміржол вокзалы ашылды

23.10.2026

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 160 ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

23.10.2026

Қазақстан жолдарында заманауи бақылау жүйелері енгізілуде

21.10.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.