Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Денсаулық»Ұшақта адамды өлімнен құтқарған студент марапатталды
Денсаулық

Ұшақта адамды өлімнен құтқарған студент марапатталды

15.01.2025329 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Астана медицина университетінің студенті Дінмұхаммед Бектұрғанға шұғыл медициналық көмек көрсеткені және жолаушылар ұшағының бортында адам өмірін сақтап қалғаны үшін Денсаулық сақтау министрінің атынан Құрмет грамотасы табыс етілді, – деп хабарлайды Аikyn.kz. 

«Ұшақ бортында, жолаушылардың бірі шұғыл медициналық көмекке мұқтаж болған қиын жағдайда Дінмұхаммед абдырап қалмады. Оның жылдам және сауатты іс-қимылының арқасында адам өмірін сақтап қалды. Бұл іс-қимыл оның жеке мінезінің ғана емес, сонымен бірге оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, сонымен қатар дәрігер мамандығының маңызды құндылықтарын: мейірімділікке, жауапкершілікке тәрбиелейтін ұстаздарының да қажырлы еңбегінің нәтижесі болып табылады», – деп атап өтті Ақмарал Әлназарова әлеуметтік желілердегі жазбасында.

Ведомство басшысы Дінмұхаммедтің тәлімгерлеріне болашақ дәрігерлерді даярлауға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, медицина университетінің студентіне үлкен кәсіби биіктерге жетуді тіледі.

Әуе кемесі экипажының ақпараты бойынша, Қызылорда-Астана рейсі қонғанға дейін 55 минут бұрын жолаушы жүрек тұсының қатты ауырсынуын сезінген.

Бортта дәрігердің болуы туралы сұрауға жауап ретінде Астана медицина университетінің жетінші курс студенті Бектұрған Дінмұхаммед жауап берді.

Ол қан қысымын өлшеп, содан кейін есінен танып қалған жолаушыға реанимациялық іс-қимылдарды бастап, аман алып қалды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Астанада Өңірлік экологиялық саммит аясында энергоауысым мәселелері талқыланады

16.02.2026173 Views

2026 жылы Қазақстанда 90 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде

16.02.2026582 Views

Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды

16.02.2026417 Views
Соңғы жаңалықтар

Астанада Өңірлік экологиялық саммит аясында энергоауысым мәселелері талқыланады

16.02.2026

2026 жылы Қазақстанда 90 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде

16.02.2026

Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды

16.02.2026

Қазір ЖЭО-ларда 4,5 млн тоннадан астам көмір қоры бар

16.02.2026

Энергетика министрлігінің өкілі көмір генерациясы бойынша ұлттық жобан іске асыру туралы айтты

16.02.2026

Премьер-министр Астананың энергетикалық инфрақұрылымын тексерді

16.02.2026

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдар 48 мыңнан астам қызмет алды

16.02.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.