Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»АЙМАҚ БАСШЫСЫ БЕКМЫРЗА ЕЛАМАНОВТЫ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Аймақ жаңалықтары

АЙМАҚ БАСШЫСЫ БЕКМЫРЗА ЕЛАМАНОВТЫ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

13.01.2025421 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ұзақ жыл мемлекеттік қызметте абыройлы еңбек еткен мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, Парламент Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі Еламанов Бекмырза Қайыпұлын 75 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.
Іс-шараға Сыр еліне арнайы келген Бекмырза Еламановтың замандас достары, зиялы қауым өкілдері мен еңбек ардагерлері қатысты.
Аймақ басшысы мерейтой иесіне ізгі тілегін жеткізді.
«Саналы ғұмырын халықтық іске арнап, елдің мұң-мұқтажын жанымен түсініп, еңбегімен төрге озған ағамыздың бүгінгі мерейтойына ел ағалары, ардақты азаматтарымыз есті естеліктер мен жарқын сәттерді жеткізу үшін жиналды.
Бабаларымыз «Арлы адамның орны — төр» деп, адалдық пен еңбекке бас игендерге қашанда лайықты құрмет көрсеткен.
Сіз Сыр елінің қарышты қадам басуына қомақты үлес қосып, қиын кезеңде елдің жүгін бірге арқалап, игілікті істердің бастамашысы болып құрметті қайраткер атандыңыз.
Қиын да өтпелі кезеңде көпшілікті байыпты әрекеттерге бастап, елді ортақ мүддеге ұйыстыра білген табанды қасиетіңіз сізді қабырғалы қайраткер етті.
Сыр халқы еліміз жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға ауысқан күрделі кезеңде облыстың бірнеше ауданын басқарып, күрмеулі мәселелердің орнықты шешудегі қажырлы еңбегіңізді ерекше бағалайды.
Әсіресе, ауыл шаруашылығы басқармасын басқарып, облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған уақытыңызда аграрлық саланың жандануына елеулі еңбек сіңірдіңіз.
Ауыл тіршілігінің тамырына нәр беріп, туған жердің тұғырлы болуына еткен еңбегіңізді Қармақшы, Жаңақорған жұрты айрықша құрмет тұтады.
Сіз Сенат депутаты болған тұста халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бастамалар көтеріп, олардың заңнамалық негізделуіне елеулі үлес қостыңыз.
Қазақ халқының дәстүрінде өзіңіздей елге тілеулес, ұлтқа жанашыр жоталы ақсақалын ардақ тұтып, құрмет төріне оздырған.
Сізді жерлестеріміздің, өзімнің атымнан мерейлі жасыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Ақыл-парасат, даналық пен даралық секілді төл өнегеңіз ұрпаққа нұр, ұлтқа ұлағат бола бергей», – деді Н.Нәлібаев.
Жиында мерейтой иесіне ұзақ жылғы қажырлы еңбегі және елдің өркендеуіне, қоғамның жаңғыруына, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Қызылорда облысының Құрметті азаматы» атағы беріліп, “Құрмет”грамотасы табысталды және халқымыздың игі дәстүріне сай сый-сияпат жасалды.
Сонымен қатар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Жамбыл облысының әкімі, Қазақстанның Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымды қызметтерін атқарған, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Бөрібай Жексенбин, Парламент Сенатының VII шақырылым депутаты, Алматы облысының әкімі лауазымын атқарған, ауыл шаруашылығы саласының белді маманы, «Құрмет» орденінің иегері Аңсар Мұсаханов, Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары болған, Қазақстан Республикасы Сенатының VII шақырылым депутаты, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Рашид Әкімов, Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, профессор, Қызылорда облысының Құрметті азаматы, «Құрмет», «Парасат» және ІІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері Бақберген Досмамбетов, Парламент Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Наурызбай Байқадамов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қызылорда облысының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Серік Дүйсенбаев мерейтой иесін құттықтап, еңбек жолындағы жетістіктеріне тоқталды.
Жиын соңында Қызылорда облысының және Қызылорда қаласының, Қармақшы, Жаңақорған аудандарының Құрметті азаматы Бекмырза Еламанов көрсетілген құрметке алғысын жеткізіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өркендей беруіне тілектестігін білдірді.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Дәстүрлі өнер тоқырады ма?

09.05.20253 750 Views

Қасым-Жомарт Тоқаев: Достық пен тыныштық – Қазақстанды тұрақты дамытудың берік негізі

09.05.20251 973 Views

Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды

09.05.2025296 Views
Соңғы жаңалықтар

Қытай Трамппен келісім жасауға дайын екенін мәлімдеді

09.05.2025

Адамның денесі мен миын мұздатып, кейін қайта тірілту мүмкін бе?

09.05.2025

Дональд Трамп: «Мен Папа болғым келеді, бұл менің бірінші қалауым болар еді»

09.05.2025

Дәстүрлі өнер тоқырады ма?

09.05.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев: Достық пен тыныштық – Қазақстанды тұрақты дамытудың берік негізі

09.05.2025

Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды

09.05.2025

Биыл Ақтөбе облысында 14 жайлы мектеп құрылысы аяқталады

09.05.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.