Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ «БЕСАРЫҚ» АУЫЛЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН ҚОСЫМША ОҚУ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

17.12.2024
Бүгін аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов Жаңақорған ауданының «Бесарық» ауылында 375 орындық бастауыш сыныпқа арналған қосымша оқу ғимаратының ашылу рәсіміне қатысты. Салтанатты жиында жауапты сала басшылары мен ауыл тұрғындары болды. Шахмардан Асқарұлы жиналған жұртшылықты Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
«Тәуелсіздік – сан ғасырлар бойы ата-бабамыздың аңсаған асқақ арманы. Азаттық пен елдік, береке мен бірлік — қай халықтың да алтынға айырбастамас асылы!
Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауының арқасында Сыр өңірінде ауқымды жобалар іске асуда.
Облыс әкімінің бастамасымен биыл білім саласына бөлінген қаржы 264 млрд теңгеге жетіп, аймақ бюджетінің 42,5 пайызын құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,3 пайызға артық.
Бүгін міне, «Бесарық» ауылындағы Жүсіп Қыдыров атындағы �№54 мектеп жанынан салынған 375 орындық қосымша оқу ғимаратының ашылу салтанатына жиналдық.
Бұл құрылысқа 789,6 млн теңге қаржы «Білім беру инфрақұрылымын қолдау» қоры арқылы бөлінді.
Жаңа ғимаратта балаларымызға сапалы білім мен саналы тәрбие беріледі деп сенеміз.
Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. Ертең елге тұтқа болар тұлғалардың тәрбиесіне бүгіннен көңіл бөлгеніміз абзал. Бұның барлығы жас ұрпақтың игілігі үшін жасалуда”, — деді Ш.Байманов.
Еске салайық, өткен жылы облыс орталығындағы 4 мектептің орын тапшылығы мәселесін шешу үшін 1 850 орынға арналған қосымша ғимараттар салынды.
Шарада құрылысты сапалы етіп салған мердігер мекеме қызметкерлері және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлесін қосқан азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаталды.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.