Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА «ОҚУШЫЛАР ҮЙІ» МЕН «ӨНЕР МЕКТЕБІ» АШЫЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА «ОҚУШЫЛАР ҮЙІ» МЕН «ӨНЕР МЕКТЕБІ» АШЫЛДЫ

17.12.20241 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Тәуелсіздік күніне орай Жаңақорған ауданында 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебінің» салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Рәсімге облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, зиялы қауым өкілдері, жауапты сала басшылары мен аудан тұрғындары қатысты.
Аймақ басшысы аудан тұрғындарын еліміздің ұлық мерекесімен, жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, әлеуметтік-экономикалық дамудағы жетістіктерге тоқталды.
«Баршаңызды бірлігіміздің бастауы болған мерекеміз – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Мерейлі мерекеде Жаңақорған кентіндегі жаңа «Оқушылар үйі» мен «Өнер мектебінің» салтанатты ашылуына жиналдық.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Жеті түрлі ілім білетін ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің негізгі міндеті» деген болатын.
Білім саласының бюджеті 264 млрд. теңгеге жетіп, салада ауқымды жобалар атқарылды. Жаңа нысандар ел игілігіне айналды.
«Білімді қолдау қоры» есебінен Қызылорда қаласында физика-математика мектеп-интернаты, «Шығармашылық- инновациялық орталығы»,
«Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен музыкалық колледждің жаңа ғимараты салынуда.
Қазан айында елімізде алғашқылардың бірі болып ел Президентінің бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы 900 орындық білім ошағын табыстадық. Бүгінде 9 мектеп салынуда, жыл соңына дейін 4-уі іске қосылады.
Білім, ғылым, мәдениет және өнер саласының дамуы – өркениеттің өлшемі, қоғам дамуының басты көрсеткіші.
Өңір мектептерінде оқитын 184 мың оқушының 168 мыңнан астамы спорттық секциялар мен үйірмелерге қатысады.
Бүгін балаларымыздың игілігіне берілген аудандық «Оқушылар үйінде» 19 үйірме бар.
Бұл жаңа ғимарат балаларымызға бос уақытын пайдалы өткізуге, түрлі жаңалықтар ашуға мүмкіндік беретін екінші үйіндей болады деп сенеміз.
Ел іргесі берік, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!», — деді Н.Нәлібаев.
Басқосуда қаржы саласының ардагері Қалхазбек Әжібеков бата беріп, еңбек ардагерлері мен құрылысшылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Өткен жылы облыс орталығындағы 4 мектептің жанынан 1 850 орынға арналған қосымша ғимарат салынды. Қаржы үнемделіп, үш ауысымды оқытуға көшуі мүмкін мектептер мәселесі шешілді.
Былтыр 1 170 орындық 4, осы жылдың басында 550 орындық 2 мектеп қолданысқа берілді.
Жаңа оқу жылы қарсаңында Шиелі ауданында 100 орындық, Жаңақорған ауданында 150 орындық мектеп шәкірттерді қабылдады,
5 мектептің жанынан қосымша құрылыс салынды, 8 мектеп ғимараты күрделі жөндеуден өтті.
Қызылорда қаласында «ҚазГерМұнай» компаниясының демеушілігімен 350 орындық «Оқушылар сарайы» ашылды. Бұл — саладағы қолға алынған бастамалардың бір бөлігі ғана.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.04.2026741 Views

Қазақстан Орталық Азиядағы алғашқы геологиялық форум алаңына айналды

03.04.2026193 Views

Үкімет 2026–2030 жылдарға арналған боксты дамыту тұжырымдамасын бекітті

03.04.2026218 Views
Соңғы жаңалықтар

ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.04.2026

Қазақстан Орталық Азиядағы алғашқы геологиялық форум алаңына айналды

03.04.2026

Үкімет 2026–2030 жылдарға арналған боксты дамыту тұжырымдамасын бекітті

03.04.2026

Биыл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 1,2 трлн теңге

03.04.2026

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

03.04.2026

Астанада Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумы өтіп жатыр

03.04.2026

Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы қабылдады

03.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.