Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Басты жаңалықтар»Назарбаев университеті Смайыловтың сынына жауап берді
Басты жаңалықтар

Назарбаев университеті Смайыловтың сынына жауап берді

12.12.20240 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
2024 жылдың екінші жартысында Жоғары аудиторлық палата Назарбаев университетінің 2017 жылдан 2023 жылға дейінгі қызметіне мемлекеттік аудит жүргізген.

Аудит барысында анықталған қаржылық бұзушылықтар бюджеттік бағдарлама шеңберінде студенттердің жол жүруі бойынша өтемақыны және мемлекеттік шәкіртақыларды есептеуге байланысты. Алайда университеттің академиялық және ғылыми қызметіне қатысы жоқ, — деп жазылған НУ таратқан хабарламада.

Аудиторлық есепке сәйкес, университет және оның ұйымдары белгіленген тәртіппен Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі. Ол бойынша тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Жоспардың орындалу барысы туралы ақпаратты НУ Жоғары қамқоршылық кеңес пен қамқоршылық кеңеске тұрақты негізде енгізіп отырады.

Биыл университетті республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі 50% болды. Қалған сома эндаумент-қор және демеушілер, сондай-ақ білім беру, ғылыми-зерттеу және өзге де қызметтерді ұсыну есебінен жиналады.

Конкурстық рәсімдерді қолданбай, сатып алу Назарбаев университетінің қамқоршылық кеңесі бекіткен сатып алу қағидаларында көзделетінін хабарлаймыз. Олар стратегиялық серіктес университеттерге, сондай-ақ академиялық және ғылыми қызмет саласында қызмет көрсететін басқа да контрагенттерге қатысты қолданылады, — деп жазылған хабарламада.

Университет ағымдағы қызметтегі көрсетілген кемшіліктерді жоюдан басқа, болашақта осындай тәуекелдерге жол бермеу үшін жұмыс істейді.

НУ жаңа білім беру бағдарламаларын ашуды, ақылы негізде білім алушылар санын ұлғайтуды, жасанды интеллект жөніндегі жобаны және өзге де ғылыми жобаларды іске асыратын болады. Сондай-ақ ғалымдар мен мамандарды даярлау жөніндегі өзінің стратегиялық міндеттерін іске асыруды толыққанды қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар коммерцияландыруға бағытталған және Қазақстанның дамуы мен өркендеуі үшін қажет инновациялық ғылыми жобалар бойынша жұмыс істеуді жалғастырады, — деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін Жоғары аудиторлық палата Назарбаев университеті 73 млрд теңгегі тиімсіз жұмсағанын хабарлаған еді.

Фото: nu.edu.kz

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚЫЗЫЛОРДА – АҚТӨБЕ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОЛДЫ ТӨРТ ЖОЛАҚТЫҒА КЕҢЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

17.03.2026585 Views

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ ЖАС ЖҰБАЙЛАР САЯСИ НАУҚАННАН ҚАЛЫС ҚАЛМАДЫ

15.03.2026318 Views

РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНДЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫСТАР ӨТКІЗІЛДІ

15.03.2026530 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДА – АҚТӨБЕ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОЛДЫ ТӨРТ ЖОЛАҚТЫҒА КЕҢЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

17.03.2026

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ ЖАС ЖҰБАЙЛАР САЯСИ НАУҚАННАН ҚАЛЫС ҚАЛМАДЫ

15.03.2026

РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНДЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫСТАР ӨТКІЗІЛДІ

15.03.2026

САЗДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАСТАРЫ МОТОЦИКЛ ШЕРУІН ЖАСАП, ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

15.03.2026

ТЕМІРЖОЛШЫЛАР РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

15.03.2026

Арал ауданында өткен референдумға байланысты «Толқын» газетінің бас редакторы өз пікірін білдірді

15.03.2026

КӨК БӨРІ №260 УЧАСКЕДЕ

15.03.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.