Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Қоғам»«Әке – асқар тау» тақырыбында студенттермен кездесу өтті
Қоғам

«Әке – асқар тау» тақырыбында студенттермен кездесу өтті

18.11.20245 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазан айында Электромеханикалық колледжінің студенттерімен Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Social project management» орталығы «Әке – асқар тау» жобасы аясында «Салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәні» тақырыбы бойынша кездесу ұйымдастырылды.

Жобаның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақ пен жас жұбайлар арасында «Әке» бейнесін, өзара сыйластықты, отбасын тәрбиелеу, отбасы құндылығы, қарым-қатынас, психологиялық рухани бағытта өтті.

Кеш қонағы ретінде инженер әрі жазушы азамат Өскенбай Құлатайұлы келді. Ол тек үлгілі әке ғана емес, немере, шөбере өсіріп отырған, жапырағын кеңге жайған мәуелі бәйтерек десек те артық емес.

Кездесуде кеш қонағы Өскенбай Құлатайұлы студенттерге әке тәрбиесіне қатысты ақыл-кеңестерімен ғана бөлісіп қана қоймай, мамандық таңдағаны секілді жар таңдаудан да қателеспеу керек екенін айтты.

Әр жанұяда бір басшы, кеңесші, сол жанұяның тұғыры «Әке» болып есептеледі. Әкеге қарап, бала өседі. Әкенің әрбір басқан қадамы, істеген тірлігі, сөйлеген сөзі бала үшін тәрбие. Өздерің де әкелеріңе қарап бой түзеп, өсіп келесіңдер. Сендер де ертең бір-бір шаңырақты басқарар әке боласыңдар. Бірақ жақсы әке болу үшін алдымен жауапкершілігі жоғары жақсы маман ретінде қалыптасып, бір шаңырақты ұстап тұра аламын-ау деген кезде отбасы құрған абзал. Себебі, отбасы құру, әке болып бала тәрбилеу немқұрайлы қарайтын нәрсе емес, қарақтарым, – дей отырып, өзінің мамандығына да қатысты кеңестерімен де бөлісті.

Шара барысында кештің басты қонағы Өскенбай Құлатайұлының немересі Арман Өскенбаев «Жерұйық Қазақстаным» әнін орындаса, шөбересі Ермұхаммед Өскенбаев қазақ күйлерін орындап берді.

Кеш соңында студенттер кеш қонағына отбасы құндылығына қатысты сұрақтар қою арқылы пікірталас өткізілді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Тоғыз айда Enbek.kz сайтында 1 миллионнан астам бос жұмыс орны жарияланды

15.10.2026714 Views

Астанада халықаралық көлік ынтымақтастығының басымдықтары талқыланды

15.10.2026507 Views

Инфляцияның баяулауы халықтың табысына қысымды төмендетеді

08.10.2026627 Views
Соңғы жаңалықтар

«АЛТЫН КҮЗ – 2026»: ЕЛ ЫРЫСЫН ЕСЕЛЕГЕН ДАЛА ЕҢБЕККЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

23.10.2026

Қазақстанда 56 мыңнан астам жұмысшының еңбек құқығы қорғалды

23.10.2026

Талдықорғанда 62 мың тұрғынға қызмет көрсететін жаңа емхана ашылды

23.10.2026

«Қазақстан халқына» Теміртауда балабақша салып жатыр

23.10.2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі

23.10.2026

Қайта жаңғыртудан кейін Маңғыстау станциясының теміржол вокзалы ашылды

23.10.2026

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 160 ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

23.10.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.