Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ГАЗ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛҒАН АУЫЛДАР САНЫ АРТТЫ
Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ГАЗ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛҒАН АУЫЛДАР САНЫ АРТТЫ

23.11.20240 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Аймақ басшысы ауыл тұрғындарын көптен күткен игіліктің іске асуымен құттықтады.
«Бүгін Сырдария ауданының ынтымағы мен бірлігі жарасқан Сәкен Сейфуллин, Асқар Тоқмағанбетов атындағы ауылдары «көгілдір отынға» қосылуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Аса маңызды мәселелердің бірі – ауылды кешенді түрде жетілдіру. Ауылдарға нақты қолдау көрсетіп, заманауи инфрақұрылымды дамытуымыз керек» деп атап өтті.
Бүгінде өңір тұрғындарын газбен қамту көрсеткіші 75 пайыз, биыл 30 млрд. теңгеден астам қаржыға 306 шақырым газ желілері тартылуда. Осы жобалардың арқасында аймақ халқының 78 пайызы «көгілдір отынмен» қамтылады. Келесі жылы 10-нан астам елді мекенді газдандыру жоспарланған. Осындай игілікті істер ауыл тіршілігінің тамырына қан жүгіртіп, халықтың әл-ауқатын арттыруға жол ашады.
Өткен жылы Сырдария ауданының бюджеті 12 млрд. теңге болса, қазіргі таңда 16 млрд. 108 млн. теңгеге жетті, 33 пайызға өсім бар. Бұл қаржы аудан халқының өзекті мәселелерін шешуге бағытталуда.
Бүгін ауыл халқы от жағып, күл шығару бейнетінен арылып, шынайы қуанышқа бөленуде. «Көгілдір отыннан» тараған жылу барлық үйді бақыт пен шаттыққа кенелтсін!», – деді Н.Нәлібаев.
Возможно, это изображение 2 человека
Іс-шараларда ел ағалары Сұлтанбек Тәуіпбаев пен Әбдіғаппар Әмірғалиев құттықтау лебіздерін жеткізіп, батасын берді. Ауылдың өсіп-өркендеуі жолында қажырлы қызмет еткен сала мамандары мен ардагерлерге облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.
Газ қосу рәсімінен кейін аймақ басшысы екі ауылдың тұрғындармен кездесіп, атқарылған жұмыстар, алдағы бағыт-бағдар туралы айтты. Әсіресе, қолға алынған инфрақұрылымдық жобаларға, әр саладағы жаңашылдықтарға тоқталды, кездесуге келушілердің ой-пікірлерін тыңдады.
Возможно, это изображение 1 человек
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ОБЛЫСТЫҚ «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» ҰЙЫМЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

13.12.2025364 Views

Қызылордада синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 1500 сайт бұғатталды

12.12.2025447 Views

Келер жылы Балқаш көлі маңындағы Лепсі станциясында жаңа вокзал ашылады

12.12.2025249 Views
Соңғы жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» ҰЙЫМЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

13.12.2025

Доллар бағамы 2 теңгеге қымбаттады

12.12.2025

Тимур Турлов «Транстелеком» акцияларын сатып алады

12.12.2025

Қызылордада синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 1500 сайт бұғатталды

12.12.2025

Келер жылы Балқаш көлі маңындағы Лепсі станциясында жаңа вокзал ашылады

12.12.2025

«Қазығұрт» және «Темір баба» жаңа жоғары технологиялық өткізу пункттері ашылды

12.12.2025

Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен кездесу өткізді

12.12.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.