Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Ізденіс пен таным орталығы
Аймақ жаңалықтары

Ізденіс пен таным орталығы

26.10.20248 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Ғылыми кітапхананың стратегиялық мақсаты – ақпараттық ресурстарды пайдаланушылардың барлық топтарына бірдей барынша қолжетімді болу. Бұл мақсатқа жетудің маңызды құралы – заманауи электрондық кітапхана,сандық технологияларды қолдану, ғылыми қорды сақтау, басқару, мүмкіндіктерді кеңейту.
Ғылыми кітапхана қызметкерлері оқуға, оқытуға және білімге қолжетімділікті толық қамтамасыз ету мақсатында аянбай еңбек етіп, университеттің тыныс-тіршілігімен тығыз байланыста жұмыс жасап келеді. Оқырмандарға 4 оқу және электронды зал, 3 абонемент, сирек кездесетін кітаптар және жатақханадағы кітап беру пункті арқылы қызмет көрсетеді.
Университет басшылығының қолдауымен қызмет көрсету сапасын арттыру үшін университет тарихында алғаш рет 2022 жылы ғылыми Студенттер сарайындағы қызмет көрсету бөлімі модернизациядан өтіп, жаңа үлгідегі заманауи OPEN SPACE форматындағы кітапхана іске қосылып, бүгінгі күні білім алушылардың рухани орталығына айналып отыр.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы білім экономикасына көшуді қамтамасыз ету үшін креативті қоғам құруға бағытталған «Адами капиталды дамыту» бағыты бойынша қазақстандық жоғары оқу орындарының алдына міндеттер қойып отыр. Олар жаңа білім мен инновациялар орталығына айналуы, экономиканың басым секторларын білікті кадрлық ресурстармен қамтамасыз етуі, рухани-интеллигенттік элитаны тәрбиелеуі тиіс. Осы стратегиялық міндеттерді шешу барысында жоғары оқу орындары кітапханаларының ролі зор, кітапханалық қызмет те инновациялық тұрғыда заманауи болуы тиіс.
Университеттің ғылыми кітапханасы жаңа технологияларды белсенді түрде игеріп, кітапхана ісін автоматтандыру жұмысын одан әрі жетілдіруде.   «МегаПро» электронды кітапханасы 24/7 режимінде жұмыс жасайды, кітапхана қызметін пайдаланушыларға қашықтан тапсырыс беруге мүмкіндік жасалған, оқырмандардың жеке кабинеті бар.
«Цифрлық кітапхана» жобасын жүзеге асыруда ғылыми кітапханада университеттің оқытушылары мен білім алушылары үшін отандық және шетелдік  сыртқы электронды базаларды пайдалануға барлық мүмкіндіктер жасалған. Сондай-ақ отандық ашық электронды ресурстарды пайдалана алады. Бүгінгі күні университет кітапханасы білім алушылардың сабақтан тыс уақытын тиімді пайдалануда және рухани дамуында заманауи ақпараттық-танымдық орталыққа айналып отыр.
Гүлмира САТБАЕВА,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ғылыми кітапханасының директоры
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕМДІК ХИТ ӘНДЕР ЖӘНЕ КИНОФИЛЬМДЕРДЕН SOUNDTRACK CONCERT ӨТТІ

30.04.2026282 Views

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ

26.04.20261 259 Views

Республикалық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті

25.04.2026399 Views
Соңғы жаңалықтар

ӘЛЕМДІК ХИТ ӘНДЕР ЖӘНЕ КИНОФИЛЬМДЕРДЕН SOUNDTRACK CONCERT ӨТТІ

30.04.2026

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ

26.04.2026

Республикалық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті

25.04.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ЕГІСКЕ АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛДІ

24.04.2026

Жанәбіловтің әйелі соңғы сөзінде судьяға өтініш айтты

24.04.2026

Теміржол бойындағы дежавю және жаңа транзиттік саясат

24.04.2026

«Қазақстанның мүддесі толық ескеріледі» – Песков «Достық» жайлы мәлімдеме жасады

24.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.