Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ БОЛАТ КЕРІМБЕК ПЕН МАКСИМ РОЖИН БЕСАРЫҚ АУЫЛЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ
Аймақ жаңалықтары

ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ БОЛАТ КЕРІМБЕК ПЕН МАКСИМ РОЖИН БЕСАРЫҚ АУЫЛЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ

22.10.20243 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Мәселен, Бесарықта «Абай-Дәулет» серіктестігінің бастамасымен фри зауыты, партияның «Ауыл аманаты» жобасымен наубайхана, кондитерлік және жартылай дайын өнім цехтары, жұмыс қолғабы, шұлық, пластик ыдыстар, сабын, ағаш бұйымдары өндірістері жұмысын жасауда. Сондай-ақ, тұрғындардың сұранысына ие «Қызылорда» супермаркеті мен «Помидор» дәмханасы да жоғары сапалы қызмет көрсетуде.

Атқарылған жұмыстарды көру үшін бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Болат Керімбек пен Максим Рожин Бесарық ауылына арнайы табан тіреді.

Аймақ басшысының орынбасары Шахмардан Байманов халық қалаулыларына ауылда атқарылған жұмыстарды таныстырды. Бұнда жергілікті өнімдер нарық бағасынан төмен саудалануда. Сәйкесінше сұраныс та жоғары. Сонымен қатар, ауылда басқа да салалар қарқынды дамуда. Бұған «Абай-Дәулет» серіктестігі үлкен қолдау білдіруде. Соңғы жылдары аталмыш серіктестік ауылды көркейту, көгалдандыру, күрделі жөндеу жұмыстарына 730 млн. теңгеден астам қаржы бөлді. Шаруашылық есебінен ауыл әкімдігі, мектеп, балабақша, мешіт ғимараттары күрделі жөндеуден өткізілді.

Биыл 642 млн. теңгеге орталық алаңға қайта жаңғырту жүргізіліп, мәдениет үйіне күрделі жөндеу жасалды. Соның негізінде, жергілікті тұрғындардың, жастардың уақытын тиімді өткізу үшін «Адал адам» мәдени орталығы ашылды. Бұнда кино залы, кітапхана, студия және түрлі үйірмелер жұмыс жасауда.

Ауылдағы ауқымды жұмыстармен танысқан халық қалаулылары берекелі Бесарықтың жұмысына оң бағасын беріп, сәттілік тіледі.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕМДІК ХИТ ӘНДЕР ЖӘНЕ КИНОФИЛЬМДЕРДЕН SOUNDTRACK CONCERT ӨТТІ

30.04.2026282 Views

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ

26.04.20261 259 Views

Республикалық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті

25.04.2026399 Views
Соңғы жаңалықтар

ӘЛЕМДІК ХИТ ӘНДЕР ЖӘНЕ КИНОФИЛЬМДЕРДЕН SOUNDTRACK CONCERT ӨТТІ

30.04.2026

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ

26.04.2026

Республикалық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті

25.04.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ЕГІСКЕ АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛДІ

24.04.2026

Жанәбіловтің әйелі соңғы сөзінде судьяға өтініш айтты

24.04.2026

Теміржол бойындағы дежавю және жаңа транзиттік саясат

24.04.2026

«Қазақстанның мүддесі толық ескеріледі» – Песков «Достық» жайлы мәлімдеме жасады

24.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.