Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА «ӘМІР АРЕНА» СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА «ӘМІР АРЕНА» СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

21.10.20240 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Аймақ басшысы Қазалы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерге және Сыр спортындағы жаңалықтарға тоқталды.
«Өздеріңізге белгілі, Президентіміздің, Үкіметтің қолдауымен Сыр өңірінде мақсатты бастамалар қолға алынып, ауқымды жобалар жүзеге асуда. Екі жыл бұрын облыс бюджеті 364 млрд. теңге болатын, бүгінде 744 млрд. теңгеден асты. Бұл қаражат аймақтың ең өзекті деген мәселелерін шешуге бағытталды. Ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру арқылы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға баса көңіл бөлінді.
Өткен жылы Қазалы ауданының бюджеті 13 млрд. 600 млн. теңге болса, биыл 17 млрд. 600 млн. теңгеге жетіп, 18,7 пайызға өсті. Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының аралығындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолы қайта жаңғыртылуда, 29 шақырым жолдар мен көшелер жөнделуде.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында кенттегі Жанқожа батыр, Әйтеке би көшелерін қайта жаңғыртуға қаржы бөлінді. Үш елді мекеннің (Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және Қожабақы ауылы) электр желілері жаңғыртудан өтуде.
Возможно, это изображение 10 человек, люди играют в баскетбол, люди играют в футбол и люди играют в футбол
Аудан орталығында «Руханият орталығы», Жанқожа батыр ауылында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен 300 орындық мектеп құрылысы қарқын алды. Биыл Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының аралығына салынуы жоспарланған 600 орындық мектептің құрылысы басталады.
Соңғы жылдары аймағымызда заманауи спорт нысандары көптеп бой көтеруде. Өткен жылы 13 спорт кешені салынып, оның 9-ы пайдалануға берілді. Бүгін өздеріңізбен бірге «Әмір Арена» жаңа спорт кешенін ел игілігіне табыстаймыз. Қазалылық жас жеткіншектер осы кешенде жаттығып, шарболаттай шынығып, көк байрағымызды көкте желбіретсін!», – деді Н.Нәлібаев.
Салтанатты шарада спорт саласының қызметкерлері мен ардагерлеріне облыс әкімінің Алғыс хаты табысталып, облыстық мәслихат депутаты, «Қазалы кәсіпкерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Тілеп» ЖШС директоры Ибайдулла Тілеп құттықтау лебізін жеткізді.
Жеке кәсіпкер Шынар Өтегенованың демеушілігімен салынған 200 адамдық бұл кешенде жастардың футбол, баскетбол, волейбол, гандбол және күреспен шұғылдануына барлық жағдай жасалған.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қасым-Жомарт Тоқаев: Достық пен тыныштық – Қазақстанды тұрақты дамытудың берік негізі

09.05.20251 973 Views

Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды

09.05.2025296 Views

Биыл Ақтөбе облысында 14 жайлы мектеп құрылысы аяқталады

09.05.202592 Views
Соңғы жаңалықтар

Қытай Трамппен келісім жасауға дайын екенін мәлімдеді

09.05.2025

Адамның денесі мен миын мұздатып, кейін қайта тірілту мүмкін бе?

09.05.2025

Дональд Трамп: «Мен Папа болғым келеді, бұл менің бірінші қалауым болар еді»

09.05.2025

Дәстүрлі өнер тоқырады ма?

09.05.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев: Достық пен тыныштық – Қазақстанды тұрақты дамытудың берік негізі

09.05.2025

Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды

09.05.2025

Биыл Ақтөбе облысында 14 жайлы мектеп құрылысы аяқталады

09.05.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.