Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Басты жаңалықтар»Руандада 11 адам қайтыс болды: Марбург вирусынан Қазақстанға келетін қауіп бар ма?
Басты жаңалықтар

Руандада 11 адам қайтыс болды: Марбург вирусынан Қазақстанға келетін қауіп бар ма?

08.10.20243 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

30 қыркүйекте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Африка елдерінде Марбург вирусының белең алғаны туралы ескертті. Руанда елінде 36 адам Марбург вирусын жұқтырып, ішінде 25 адам стационарлық ем қабылдап жатыр. 11 адам қайтыс болды. Марбург вирусы өте қауіпті вирустық ауру болғандықтан, өлім-жітім деңгейі өте жоғары. Ауырған адамдардың арасында өлім-жітім деңгейі 25-90%-ға жетеді. Марбург вирусы – жұқпалы ауру. Жарқанаттардан маймылдарға, басқа да жануарға, одан адамға жұғуы мүмкін. Вирус тікелей байланыс арқылы жұғады, — дейді маман.

Айтуынша, Қазақстандықтарға аса қатты қауіп төніп тұрған жоқ, алайда вирустың сырттан келтірмеу маңызды. Сол себепті денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік шекараларда санитариялық-карантиндік талапты күшейткен.

«Мамандар жүргізетін скрининг дене қызуы жоғары адамды анықтап, белгі береді. Мұндай жағдайда азаматты елге кіргізбей, бірден оқшауланады. Алдымен борт қызметкері ұшақта ауырып келе жатқан адамды байқаса, бірден әуежайға хабар береді. Белгіленген алгоритм бойынша сигнал береді. Арнайы дайындалған мамандар борттан түске кезде термометрия құрылғысымен жолаушыларды тексереді. Аса қауіпті инфекция жұқтырғанына күдік болса, жедел жәрдем көлігімен инфекциялық ауруханаға жеткізіліп, зерттеу жүргізіледі», — дейді Алпысбаев.

Айтуынша, қазір әлемде Марбург вирусына қарсы вакцина жоқ.

Марбург вирусына қарсы вакцина, арнайы ем-дом да жоқ. Дене қызуы көтерілсе, бұлшық еті ауырса, қолда бар дәрі-дәрмекпен емдеуге болады, — дейді Жасұлан Алпысбаев.

Комитет өкіленен сыртқы істер министрлігімен бірлесе қандай жұмыс атқарылып жатқанын нақтыладық. Алпысбаевтың айтуынша, СІМ қосалқы жауапты орган ретінде белгіленген.

«Шетелдегі қазақстандықтар бұл вирустан хабардар. Марбург вирусының ошағы – Африка елдері. Ол жақта біздің азаматтар кәсібін жүргізіп отырса, оларға консулдық арқылы ескертіледі. Қай жерге баруға болмайтынын, қорғаныс түрлері түсіндіріледі. Елімізде Марбург вирусы тіркелмесе де, шетелге шығатын азаматтар бар екені анық. Ол азаматтар бұл вирус тараған елдерде баратын кезде өте сақ болғаны жөн. Ауырған, өзін жайсыз сезінген адамдармен байланысқа түспей, жабайы аңдарға жақындамау керек», — дейді басқарма басшысы.

Айта кетейік, Марбург вирусы бұған дейін Қазақстанда анықталған емес. Сондай-ақ вирусқа байланысты елде карантин жарияланбайды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында үндеу жасады

23.08.20261 930 Views

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

23.08.2026720 Views

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

23.08.2026594 Views
Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында үндеу жасады

23.08.2026

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

23.08.2026

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

23.08.2026

САЙЛАУ КҮНІ – ЖӘРМЕҢКЕГЕ ДЕ ЖОЛ ТҮСТІ

23.08.2026

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ: Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады

23.08.2026

Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам тұрады

21.08.2026

Ақмола облысының 24 мыңнан астам тұрғыны газға қол жеткізді

21.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.