Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚЫЗЫЛОРДАДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

03.10.20240 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жаңа орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, қала тұрғындарын құттықтады.
Мерекелік іс-шараға «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, жауапты салалардың, құқық қорғау органдарының басшылары, Халықаралық Қарттар күні қарсаңында аймақ басшысының арнайы шақыртуымен барлық ауданнан келген ардагерлер, зиялы қауым өкілдері қатысты.
«Бүгін ел игілігіне берілген үстел теннисі орталығы Сыр спортына жаңа серпін әкеліп, жеңімпаздар сыйлайды деп сенеміз. Сүйікті Қызылордамыздың келбетіне көрік қосатын әсем ғимараттардың қатарын толықтырған орталықтың қолданысқа берілуі баршаңызға құтты болсын!
Облыстың қарқынды дамуына қажетті әлеуметтік нысандардың салынуына зор үлес қосқан «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі, басқарма төрағасы Жақыпов Нұрлан Қаршығаұлына және «Самұрық-Қазына Траст» корпортивтік қорының бас директоры Адиева Альфия Дәулетқалиқызына Сыр жұртшылығы атынан ризашылық білдіремін. Сонымен қатар, орталықтың құрылысын сапалы жүргізген «Дәнекер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне алғыс айтамыз. Еліміздің көк байрағы дүбірлі додаларда биікте желбіреп, спортшыларымыз жеңіс тұғырынан көрінсін!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Іс-шарада «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, облыстық үстел теннисі федерациясының төрағасы, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев, Қызылорда облысының Құрметті азаматы Самұрат Имандосов сөз сөйлеп, игі тілек білдірді. Мердігер «СК Дәнекер» ЖШС құрылысшылары облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Халықтың сұранысына сәйкес үстел теннисі орталығын салуға облыстық бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлініп, құрылыс биыл басталды. Оған «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры 900 млн теңге қаржы бөлді. Орталықта 16 үстел теннисі орналасқан ойын алаңы, 350 көрерменге арналған орындар, жаттығу залы мен әкімшілік бөлмелер бар. Мұнда 31 қызметкер жұмыс жасайды.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

СЫР ӨҢІРІНДЕ СПОРТ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

24.08.20251 694 Views

«ДОНОР БОЛ!» атты қайырымдылық акциясы өтті

22.08.2025346 Views

Жамбыл облысында өңірлік мемлекеттік табиғи парк құрылды

21.08.2025604 Views
Соңғы жаңалықтар

СЫР ӨҢІРІНДЕ СПОРТ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

24.08.2025

«ДОНОР БОЛ!» атты қайырымдылық акциясы өтті

22.08.2025

Жамбыл облысында өңірлік мемлекеттік табиғи парк құрылды

21.08.2025

138 мың қазақстандық оқушы оқу жылын жаңартылған мектептерде бастайды

21.08.2025

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ БІРҚАТАР АУЫЛДАРЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНУДА

21.08.2025

Трамп: Зеленский мен Путин кездесуге келісіп алды

20.08.2025

Берденовқа оқ атқан Ернар Жиембайға үкім шықты

20.08.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.