Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Спорт»«Ұлы дала жорығы-2024»: екінші күннің қорытындысы
Спорт

«Ұлы дала жорығы-2024»: екінші күннің қорытындысы

21.05.20243 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ат спорты әуесқойлары мен еліміздің әр өңірлерінің өкілдерін біріктіретін спорт әлеміндегі ерекше оқиға қазақтың көрнекті геолог-ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналып отыр.

Жол қашықтығы – 500 шақырым. Бағыт Павлодар, Ақмола облыстарын қамтиды. Марафон 23 мамырда Астанада аяқталады.

Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің келесі 100 шақырымын бағындырып, екінші кезеңнің мәресі Төртқұдық елді мекені маңында аяқталды.

Биыл «Ұлы дала жорығына» еліміздің әр аймағынан келген 6 шабандоздан тұратын арнайы «Рекорд» командасы жасақталды. Оның құрамына нағыз қазақтың Адай, Қостанай, Найман, Жетісу өңірінің Арғымақ жылқылары әдейі енгізіліп отыр. «Рекорд» командасының сап түзеп, жорыққа шығуындағы басты мақсат – нағыз қазақи жылқылардың ел арасында танымалдылығын арттыру, кеңінен насихаттау, – деді «Joryq» федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбеков.

Екінші кезең қорытындысы бойынша, Алматы қаласының командасы жеңімпаз атанды. Жетісу облысының шабандоздары мәре сызығына екінші болып жетсе, Маңғыстау облысының командасы үштікке ілікті.

Өкінішке қарай, екінші кезеңде Батыс-Қазақстан облысының командасы жарыстан шығып қалды.

Екінші кезеңде Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай мен Абай, Павлодар, Ақмола облыстарынан екі аттан, ШҚО, Жетісу, Қарағанды облыстары мен Астана қаласынан бір-бір аттан жарысқа жарамсыз деп танылды. Алматы қаласы, Маңғыстау, Жамбыл облыстары бес атпен жарысқа шығады. Жалпы 21 мамырда 3-кезеңді 15 команда жалғастырады.

Командалардың уақыт көрсеткіштері (100 шақырым):

  • Алматы қаласы – 6 сағат 46 минут;
  • Жетісу облысы – 6 сағат 48 минут;
  • Маңғыстау облысы – 6 сағат 52 минут;
  • Қостанай облысы – 6 сағат 59 минут;
  • ШҚО – 7 сағат 3 минут;
  • Жамбыл облысы – 7 сағат 27 минут;
  • Қарағанды облысы – 7 сағат 44 минут;
  • Астана қаласы – 7 сағат 58 минут;
  • Ақмола облысы – 8 сағат 4 минут;
  • Түркістан облысы – 9 сағат 4 минут;
  • Абай облысы – 9 сағат 9 минут;
  • Павлодар облысы – 9 сағат 42 минут;
  • СҚО – 9 сағат 45 минут;
  • Ұлытау облысы – 10 сағат 3 минут;
  •  «Рекорд» командасы.

Жеңімпаздардың марапаты: Алғашқы үш жеңімпаз 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында 3-7 қыркүйек аралығында өтетін халықаралық марафон-бәйгеге қатысуға лицензия алады. Халықаралық кезеңге шет мемлекеттерден кемінде 10 команда қатысады деп күтіледі (Түркия, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Венгрия, Түрікменстан, Иран, Өзбекстан және тағы басқа).

Сараптамалық қорытынды: Марафон жұмысына 2 халықаралық және 3 қазақстандық судья, сондай-ақ 2 халықаралық және 3 қазақстандық мал дәрігері қатысып, жоғары стандарттарды сақтау мен жылқылардың денсаулығына қамқорлық жасауға кепілдік береді.

Жобаның басты серіктесі: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы.

Қолдау көрсетушілер: «Аманат» партиясы, Павлодар облыстық әкімдігі, Қазақстан Республикасы спорт және туризм министрлігі.

Ақпараттық серіктестер: «Қазақстан», «Хабар», «Астана» телеарналары.

«Ұлы Дала Жорығы» – жылқы баласының ең мықты әрі төзімді тұқымы анықталатын далалық лабораториясы.

Марафон жаңалықтарын www.joryq.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілерде бақылаңыз: fb — JORYQ, Instagram — joryqofficial, Tik-Tok — JORYQ, youtube — JORYQ.

БАҚ-пен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл мәселелері бойынша + 7 777-214-01-71 нөмірі бойынша Рауан Есқалимен хабарласуларыңызды сұраймыз.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

СЫР ӨҢІРІНДЕ СПОРТ САЛАСЫНДА СЕРПІН БАР

20.04.20261 499 Views

Бразилиядағы әлем кубогы кезеңіне қатысатын қазақстандық боксшылар белгілі болды

16.04.2026218 Views

Үкімет 2026–2030 жылдарға арналған боксты дамыту тұжырымдамасын бекітті

03.04.2026219 Views
Соңғы жаңалықтар

ӘЛЕМДІК ХИТ ӘНДЕР ЖӘНЕ КИНОФИЛЬМДЕРДЕН SOUNDTRACK CONCERT ӨТТІ

30.04.2026

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ

26.04.2026

Республикалық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті

25.04.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ЕГІСКЕ АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛДІ

24.04.2026

Жанәбіловтің әйелі соңғы сөзінде судьяға өтініш айтты

24.04.2026

Теміржол бойындағы дежавю және жаңа транзиттік саясат

24.04.2026

«Қазақстанның мүддесі толық ескеріледі» – Песков «Достық» жайлы мәлімдеме жасады

24.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.