Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Network School Астанада ресми түрде іске қосылды
Аймақ жаңалықтары

Network School Астанада ресми түрде іске қосылды

04.09.2026714 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қазақстанда Network School Kazakhstan – әлемнің түкпір-түкпірінен кәсіпкерлерді, инженерлерді, зерттеушілерді және технологиялық өнім жасаушыларды біріктіретін халықаралық технологиялық қоғамдастық ресми жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.

Network School Kazakhstan жаһандық технологиялық экожүйе мен Қазақстанның талантты мамандары арасындағы байланыстырушы буынға айналады. Жоба елге халықаралық кәсіпкерлерді, инженерлерді және технологиялық командаларды тартуға бағытталған, сонымен қатар қазақстандық мамандар үшін оқудан және кәсіби ынтымақтастықтан бастап өнім әзірлеу мен компания құруға дейінгі жаңа мүмкіндіктер жасайды.

Network School негізін қалаушы Балаж Шринивасан – технологиялық кәсіпкер әрі инвестор, Coinbase компаниясының бұрынғы техникалық директоры және Andreessen Horowitz венчурлық қорының бас серіктесі, The Network State кітабының авторы.

«Қазақстанда мықты инженерлік әлеует, заманауи цифрлық инфрақұрылым және технологиялық кәсіпкерлерге ашық орта бар. Біз мұнда үлкен мүмкіндіктерді көріп отырмыз және Қазақстан Республикасымен тығыз ынтымақтастыққа сенім артамыз», – деп атап өтті Network School негізін қалаушы Балаж Шринивасан.

Network School – бірлескен өмір сүру, жұмыс, оқу және технологиялық жобаларды дамыту бір ортаға біріктірілген халықаралық қоғамдастықтың жаңа форматы. Қатысушылар жұмыс кеңістіктеріне, білім беру бағдарламаларына, спорт инфрақұрылымына, іс-шараларға және мамандардың халықаралық желісіне қол жеткізе алады.

Жоба технологиялық компаниялар мен командаларға да бағытталған. Network School алаңында конференциялар, хакатондар, жұмыс сессиялары және ұзақ мерзімді командалық бағдарламаларды өткізуге болады. Сонымен қатар балалы отбасыларға арналған жеке бағыт қарастырылған. Бұл қатысушыларға кәсіби қызметті, білім алуды және отбасылық өмірді үйлестіруге мүмкіндік береді.

Network School Kazakhstan-ның іске қосылуы, жоба мен ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі арасындағы ынтымақтастықтың жалғасы болды. Бұған дейін тараптар жасанды интеллект, инновациялар, технологиялық кәсіпкерлік және адами капиталды дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.

Ұзақ мерзімді болашақта жоба цифрлық экономиканы физикалық инфрақұрылыммен біріктіретін халықаралық технологиялық қоғамдастықтардың жаңа модельдерін сынау алаңына айнала алады.

Network School-дың іске қосылуы Қазақстанның жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және жаһандық технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған стратегиялық бағытын толықтырады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.202693 Views

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026612 Views

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026418 Views
Соңғы жаңалықтар

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026

Астана-Петропавл тасжолында үш адам жол апатынан қаза тапты

02.11.2026

Зеленский: Украина Қырым мен шығыстағы өзге аумақтарынан бас тартпайды

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.