Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»СЫРДАН ШЫҚҚАН ҚАЛАМГЕР, ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРІ АҒЫМСАЛЫ ДҮЗЕЛХАНОВТЫҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ КӨРМЕ ӨТТІ
Аймақ жаңалықтары

СЫРДАН ШЫҚҚАН ҚАЛАМГЕР, ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРІ АҒЫМСАЛЫ ДҮЗЕЛХАНОВТЫҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ КӨРМЕ ӨТТІ

02.09.20263 887 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Алматы қаласындағы Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілі, жерлесіміз, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ағымсалы Дүзелхановтың 75 жылдығына арналған тағылымды көрме өтті.

1951 жылы Қазалы қаласында дүниеге келген Ағымсалы Дүзелханов ұлттық бейнелеу өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосып, қазақ руханиятында өзіндік қолтаңбасын қалдырған бірегей суретші болды. Кескіндеме, графика және кітап иллюстрациясы салаларында жемісті еңбек етіп, тарихи-фольклорлық тақырыптағы шығармалары арқылы ұлттық өнердің өрісін кеңейтті. Сондай-ақ талай жыл ұстаздық етіп, жас буынға өнердің қыр-сырын үйретіп, кәсіби жол сілтеді.

Суретшінің 75 жылдығына арналған көрмеге аудан әкімі Алмасбек Есмаханов арнайы қатысып, сөз сөйледі. Көрме барысында Қызылорда облысының әкімі Ергешбаев Мұрат Нәлқожаұлының Ағымсалы Дүзелхановтың отбасы мен өнерсүйер қауымға арналған арнайы Құттықтау хатын жеткізді.

Сондай-ақ аудан әкімі Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейіне естелік сыйлық табыстады.

Тағылымды шараға Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов, жазушы Бексұлтан Нұржекеев, Әшірбек Көпішев, зиялы қауым өкілдері, өнер саласының мамандары мен студент жастар қатысты.

Көрмеде жерлесіміздің шығармашылық мұрасы кеңінен таныстырылып, суретшінің ұлттық өнердегі айрықша орнына мән берілді.

Шара барысында қазалылықтар атынан белгілі журналист-жазушы, Ақпараттану академиясының академигі Ермек Зәңгіров бастаған жерлестер Ағымсалы Дүзелхановтың жары, қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі Әбілхан Қастеевтің қызы Гүлдария Қастееваға заманауи үлгідегі шапан жауып, қазақы дәстүрмен құрмет көрсетті. Ал Қазалы ауданының Құрметті азаматы, жазушы Молдахмет Қаназов суретшінің жұбайына камзол кигізіп, ақ жаулық тарту етті.

Кеш соңында өнер шеберлерінің концерті ұйымдастырылып, көрермендер суретшінің шығармаларынан сыр шертетін көрмені тамашалады.

Ағымсалы Дүзелхановтың ғибратты ғұмыры мен мол шығармашылық мұрасы – қазақ өнерінің алтын қорында мәңгі сақталатын құнды қазына. Жерлесіміздің есімін ұлықтап, өнегелі жолын кейінгі ұрпаққа насихаттау – елдік парыз.

 

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА ТАУ-КЕН БАЙЫТУ КОМБИНАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

02.09.20264 928 Views

Ержан Байтілес жаңа қызметке тағайындалды

31.08.20261 544 Views

Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады

31.08.2026411 Views
Соңғы жаңалықтар

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА ТАУ-КЕН БАЙЫТУ КОМБИНАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

02.09.2026

СЫРДАН ШЫҚҚАН ҚАЛАМГЕР, ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРІ АҒЫМСАЛЫ ДҮЗЕЛХАНОВТЫҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ КӨРМЕ ӨТТІ

02.09.2026

Ержан Байтілес жаңа қызметке тағайындалды

31.08.2026

Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады

31.08.2026

Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдады

31.08.2026

Мемлекет басшысы Құрылтай отырысында Вице-Президент және Премьер-министр лауазымдарына кандидатураларды ұсынды

31.08.2026

Текелі энергокешені электр энергиясын өндіру көлемін екі жылда 53 МВт-қа ұлғайтты

31.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.