Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»«GEOPARK ARAL» — АРАЛДЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТАТЫН ЖАҢА МҮМКІНДІК
Аймақ жаңалықтары

«GEOPARK ARAL» — АРАЛДЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТАТЫН ЖАҢА МҮМКІНДІК

17.07.20263 289 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаев өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту және туризмді дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.
Арал теңізінің экологиялық мәселесін шешу тек өңір үшін ғана емес, халықаралық қауымдастық үшін де маңызды міндеттердің біріне айналып отыр. Соңғы жылдары теңіз тағдырына әлемдік ұйымдар, халықаралық қаржы институттары мен шетелдік серіктестердің қызығушылығы айтарлықтай артқан. Осыған байланысты ауданға бірнеше мәрте Үкімет мүшелері, халықаралық банктер мен қорлардың өкілдері, шетелдік елшілер келіп, экологиялық жобалардың жүзеге асу барысымен танысты. Олар Арал өңірінің табиғи ортасын қалпына келтіруге бағытталған бастамаларды қолдап, жаңа жобаларды қаржыландыруға қызығушылық танытып отыр.
— Экологиялық бастамалармен қатар Арал ауданында туризм саласын дамытуға ерекше басымдық берілуде. Бүгінде өңір Орта Азиядағы алғашқы «Geopark Aral» туристік орталығының ашылуымен халықаралық деңгейдегі жаңа даму кезеңіне қадам басты. Бұл жоба қарапайым туристік нысан емес. Ол Арал өңірінің табиғи, тарихи, геологиялық және мәдени мұрасын сақтап, әлемге танытуға бағытталған кешенді бастама болып саналады. Сонымен қатар экотуризмді дамытуға, халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және жергілікті тұрғындардың табысын арттыруға мүмкіндік береді, — деді аудан әкімі.
Қазіргі таңда «Geopark Aral» ЮНЕСКО-ның Жаһандық геопарктер желісіне қосылуға үміткер ретінде қарастырылып отыр. Жақында халықаралық сарапшылар геопарк аумағында арнайы бағалау жұмыстарын жүргізіп, жобаның әлеуетіне жан-жақты талдау жасады. Алдағы уақытта ЮНЕСКО тарапынан түпкілікті шешім қабылданады.
— Егер жоба халықаралық геопарктер желісіне енсе, өңірдегі бес туристік нысанды халықаралық талаптарға сай дамытуға және шетелдік қорлар арқылы қосымша инвестиция тартуға жол ашылады. Бұл өз кезегінде Аралдың туристік тартымдылығын арттырып, өңір экономикасына тың серпін береді. Туризм саласындағы көрсеткіштер де оң динамиканы көрсетіп отыр. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында ауданға 4 мың 800-ден астам отандық турист келсе, шетелден келген саяхатшылар саны 300-ден асты. Бұл Аралға деген қызығушылықтың жылдан-жылға артып келе жатқанын аңғартады, — деді Аманжол Сақыпұлы.
Баспасөз конференциясында аудан әкімі экологиялық бастамалар мен туризмді дамыту өзара сабақтас бағыттар екенін атап өтті.
— Аралдың табиғи және тарихи мұрасын сақтай отырып, оны халықаралық деңгейдегі туристік орталыққа айналдыру біздің басты мақсатымыздың бірі. «Geopark Aral» жобасы арқылы өңірдің әлеуетін әлемге танытып, ЮНЕСКО-ның жаһандық геопарктер желісіне қосылуға күш салып келеміз. Бұл бастама халықаралық инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңір экономикасын дамытуға зор мүмкіндік береді, – деді Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаев.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026720 Views

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.20261 376 Views

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026419 Views
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық кешен іске қосылды

10.09.2026

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

10.09.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ САЛДЫ

09.09.2026

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.