Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Ақмола облысының 24 мыңнан астам тұрғыны газға қол жеткізді
Аймақ жаңалықтары

Ақмола облысының 24 мыңнан астам тұрғыны газға қол жеткізді

21.08.20262 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Ақмола облысы Целиноград ауданында Қаражар және Қараөткел ауылдарын газбен қамту жұмыстары жоспарланған мерзімнен бұрын аяқталып, газ беру жүйесі іске қосылды. Бастапқы жоспар бойынша 2028 жылға дейін жалғасуы тиіс болған құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталды. Инфрақұрылымның мерзімінен бұрын пайдалануға берілуінің арқасында елорда маңындағы 24 мыңнан астам тұрғын көгілдір отынға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

Жоба аясында шамамен 240 шақырым жаңа газ желісі тартылды. Қаражар Целиноград ауданында табиғи газбен толық қамтылған жетінші, ал Қараөткел сегізінші елді мекен болды. Екі нысанды бір мезгілде іске қосуға олардың бірыңғай магистральдық желі бойында орналасуы мүмкіндік берді.

Қаражар ауылында 53 шақырымға жуық газ желісі тартылып, бес мыңға жуық тұрғын табиғи газға қол жеткізді. Ал Қараөткелде жаңа газ желілерінің ұзындығы 185 шақырымды құрады. Ауылда 4 мыңнан астам отбасы тұрады, бүгінде 1,5 мыңға жуық абонент газбен жабдықтау жүйесіне қосылған. Елді мекенді газдандыру бес іске қосу кешені бойынша кезең-кезеңімен жүргізілді. Оның алғашқы екеуі өткен жылдың желтоқсанында пайдалануға берілсе, қалған үш кешен биыл толық аяқталды.

Целиноград ауданының тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Биыл Қызылсуат ауылында тиісті жоба жүзеге асырылып жатыр. Жұмыстар аяқталғаннан кейін 3 мыңға жуық тұрғын табиғи газға қол жеткізеді.

Сонымен қатар Ақмол, Қабанбай батыр, Өтеміс, Қызылжар, Нұресіл және Қажымұқан ауылдарын газдандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Аталған жобаларды іске асыру 2027 жылға жоспарланған. Нәтижесінде 30 мыңнан астам тұрғынды табиғи газбен қамтамасыз ету көзделіп отыр.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.202693 Views

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026612 Views

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026418 Views
Соңғы жаңалықтар

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026

Астана-Петропавл тасжолында үш адам жол апатынан қаза тапты

02.11.2026

Зеленский: Украина Қырым мен шығыстағы өзге аумақтарынан бас тартпайды

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.