Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚР ҰЭМ: 48,7 млрд теңге мал шаруашылығын дамытуға бағытталды
Аймақ жаңалықтары

ҚР ҰЭМ: 48,7 млрд теңге мал шаруашылығын дамытуға бағытталды

21.08.2026310 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Игілік», «Береке» және «Жайлау» бағыттары бойынша жалпы сомасы 48,7 млрд теңгеге бес әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны (ӘКК) қаржыландырды. Қаражат кейіннен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге асыл тұқымды мал басын сатып алуға кредит беруге арналған. Бағдарламаға қатысатын ӘКК тізбесі кеңейтілуде, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.

Ақмола облысындағы «KOKSHE» ӘКК, Жамбыл облысындағы «Тараз» ӘКК, Батыс Қазақстан облысындағы «Aqjaiyq» ӘКК және Солтүстік Қазақстан облысындағы «Солтүстік» ӘКК, Ұлытау облысындағы «Ұлытау» ӘКК қаржыландыруға қол жеткізді.

«Игілік» пен «Береке» шеңберінде фермерлер қарыз қаражатын асыл тұқымды мал сатып алуға жұмсай алады. Қаржыландыру мөлшерлемесі жылдық 6%, қарыз сомасы 5 млрд теңге. Қаржыландыру мерзімі 84 айға, негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең 24 айға дейін.

«Игілік» және «Береке» кредиттеу бағдарламалары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген Мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде іске асырылуда. Үкімет жоспарды саланы жаңғыртудың, оның өнімділігін арттыру мен экспорттық әлеуетті кеңейтудің негізі ретінде анықтап отыр.

2026 жылы мал шаруашылығын жеңілдікпен несиелендіруге 300 млрд теңге қарастырылған. Кешенді жоспар шеңберінде саланы дамытудың түрлі бағытын қамтитын «Игілік», «Береке» және «Жайлау» кредиттік өнімдері іске қосылды.

Мал шаруашылығы үшін бұл ең алдымен малдың сапасы мен өнімділігі тұрғысынан маңызды. Кешенді жоспар оның санын көбейтуді ғана емес, сонымен қатар генетикалық әлеуетті арттыруды, асыл тұқымды мал шаруашылығын, мал басын көбейтудің заманауи технологиялары мен өндірістік инфрақұрылымды дамытуды көздейді.

«Жайлау» бағыты да жаңа фермалар құрып, жайылымдық мал шаруашылығын дамытуға арналған. Бағдарлама бойынша негізгі құралдарды сатып алу мен құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге қаржыландыру беріледі.

Осылайша, мемлекеттік қолдау саланың бірнеше буынын қамтиды: «Игілік» пен «Береке» асыл тұқымды мал басын сатып алуды қаржыландыруға, ал «Жайлау» нөлден бастап, жаңа фермалар мен репродукторлар құруға бағдарланған. «Жайлау» бағыты бойынша жылдық 6% мөлшерлеме бойынша 120 айға дейінгі мерзімге 350 млн теңгеге дейін қаржыландыру көзделген.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам тұрады

21.08.20261 050 Views

Ақмола облысының 24 мыңнан астам тұрғыны газға қол жеткізді

21.08.20260 Views

Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 22,3%-ға өсті

21.08.2026527 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам тұрады

21.08.2026

Ақмола облысының 24 мыңнан астам тұрғыны газға қол жеткізді

21.08.2026

Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 22,3%-ға өсті

21.08.2026

ҚР ҰЭМ: 48,7 млрд теңге мал шаруашылығын дамытуға бағытталды

21.08.2026

Солтүстік Қазақстанда мүгедектігі бар балаларды сүйемелдеудің жаңа тәсілі енгізіледі

21.08.2026

Жаңақорған ауданында «Таза Қазақстан» аясында тазалық акциясы өтті

21.08.2026

Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді

17.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.