Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Басты жаңалықтар»Қазақстанда 20 млн тоннаға жуық мал азығы дайындалды
Басты жаңалықтар

Қазақстанда 20 млн тоннаға жуық мал азығы дайындалды

06.08.20261 487 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Өңірлерде мал азығын дайындау науқаны жалғасуда. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 19,8 млн тонна мал азығын дайындады. Бұл алдағы қысқы малды қорада ұстау кезеңіне қажетті жоспарлы пішен көлемінің шамамен 77%-ын құрайды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Қазіргі уақытта 17,1 млн тонна пішен, 1,5 млн тонна пішендеме, 362,3 мың тонна құрама жем, 91,7 мың тонна сүрлем және 777,2 мың тонна сабан дайындалды.

Қысқы малды қорада ұстау кезеңіне қажетті жемшөп қорын қалыптастыру және сақтандыру қорын жасау мақсатында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ 201,3 мың тонна көлемінде жемдік астық қорын қалыптастырды. Қажет болған жағдайда бұл қор ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жемшөппен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

Мал азығын дайындау науқаны еліміздің барлық өңірінде жалғасуда. 2026–2027 жылдардағы қысқы малды қорада ұстау кезеңіне дейін 25,7 млн тонна пішен, 2,3 млн тонна пішендеме, 2,8 млн тонна сүрлем, 4,8 млн тонна сабан және 5,7 млн тонна құрама жем дайындау жоспарланып отыр.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, мал азығын дайындау науқанының барысын тұрақты бақылауда ұстап отыр. Тұрақты мониторинг жүргізу және резервтерді уақытылы қалыптастыру мал шаруашылығы кәсіпорындарын қажетті жемшөп қорымен қамтамасыз етуге және олардың алдағы қысқы малды қорада ұстау кезеңіне толық дайын болуына бағытталған.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026720 Views

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.20261 376 Views

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026419 Views
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық кешен іске қосылды

10.09.2026

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

10.09.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ САЛДЫ

09.09.2026

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.