Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 22 мыңнан астам тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
Аймақ жаңалықтары

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 22 мыңнан астам тұрғын тазалық жұмысына атсалысты

06.08.2026475 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясындағы шаралар жалғасуда. Бүгін өңірде әдеттегідей «Таза бейсенбі» акциясы өткізіліп, 22 мыңнан астам тұрғын таңмен таласа тазалық жұмысына атсалысты. Игі шарада азаматтар қоршаған ортаға қамқорлық пен жауапкершілік сезімінің үлгісін көрсетті. Нәтижесінде 510 тонна қоқыс шығарылып, 282 гектар аумақ тазартылды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Акция барысында қоғамдық орындар мен аулалардағы қоқыс жиналып, абаттандыру жұмысы жүргізілді. Қайта өңделетін қалдық бөлек сұрыпталып, қалған қоқыс арнайы полигонға жіберілді.

Сенбілікке Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев те қатысып, қоршаған ортаның тазалығы баршаның ортақ құндылығы екенін атап өтті.

«Өзіміз өмір сүретін елді мекендердің, қалалардың, туристік орындардың таза әрі жайлы болуы әрқайсымыздың жанашырлығымыз бен жауапкершілігімізге тікелей байланысты. Бүгінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында облысымызда елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жақында аумақтарды күтіп ұстауға қатысты қолданыстағы талаптар жаңартылды. Соған сәйкес аумақтың санитарлық тазалығын сақтау және тұрғын үйдің іргелес 5 метр аумағын күтіп-ұстау міндеті заңды тұлғалармен қатар жеке тұрғындарға да жүктеледі. Осыған байланысты акция бұрынғыдан да белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. Бүгін біз дәстүрлі «Таза бейсенбі» акциясын өткіздік. Облыстың түкпір-түкпіріндегі тұрғындар бұл шараға бейжай қарамай, белсенділік танытуда», – деді Марат Елеусізұлы.

Экологиялық акцияға үлес қосқандардың бірі – Жастар ресурстық орталығының маманы Санжар Сұлтан.

«Әр азаматтың тазалық шараларына атсалысуы маңызды. Себебі тәртіп пен тазалық ең әуелі өзімізден басталады. Қазір жастар әр сенбілікке үлкен жауапкершілікпен кіріседі. Өздері де түрлі экологиялық шаралар ұйымдастырып, жұмыла жұмыс істейді. Мәселен, «Қауіпсіз жағалау», «Таза жағалау» сияқты акциялар соның айқын дәлелі. Бұл «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасымен де астасып жатыр. Қазіргі жастардың көзқарасы өзгеше, сондықтан оларды қоғамдық тәртіп пен экологиялық мәдениетті сақтауға жаңа тәсілдер арқылы баулу маңызды деп ойлаймын», – деді ол.

Жыл басынан бері өңірде 25 облыстық сенбілік өткізіліп, оған 567 мыңнан астам адам қатысты. Нәтижесінде 13 мың тонна қоқыс шығарылып, 7701 гектар аумақ тазартылды. 103 мыңнан астым көшет отырғызылып, 3500-ге жуық техника жұмылдырылды. Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Open Air: Қызылорда облысы полиция департаменті 20 мыңнан астам көрерменнің қауіпсіздігін қамтамасыз етті

06.08.2026639 Views

Қазақстанда 20 млн тоннаға жуық мал азығы дайындалды

06.08.20261 486 Views

Мектеп пәндерінің мазмұны жасанды интеллект бағытында жаңартылуда

06.08.2026225 Views
Соңғы жаңалықтар

Open Air: Қызылорда облысы полиция департаменті 20 мыңнан астам көрерменнің қауіпсіздігін қамтамасыз етті

06.08.2026

Қазақстанда 20 млн тоннаға жуық мал азығы дайындалды

06.08.2026

Мектеп пәндерінің мазмұны жасанды интеллект бағытында жаңартылуда

06.08.2026

Қолжетімді орта: жыл басынан бері 600-ден астам нысан тексерістен өтті

06.08.2026

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 22 мыңнан астам тұрғын тазалық жұмысына атсалысты

06.08.2026

Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесінің алғашқы демонстрациялық ұшуы өтті

06.08.2026

Электрондық еңбек биржасында 104,6 мың бос жұмыс орны жарияланды

06.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.