Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесінің алғашқы демонстрациялық ұшуы өтті
Аймақ жаңалықтары

Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесінің алғашқы демонстрациялық ұшуы өтті

06.08.2026701 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Астанада жолаушы мінген EH216-S ұшқышсыз әуе кемесінің тарихи демонстрациялық ұшуы өтті. Тік ұшып-қонып, электр қуатымен қозғалатын (eVTOL) сериялық әуе аппараты «Future Games 2026» халықаралық турнирі аясында елордадағы арнайы рұқсат етілген аумақта сынақ ұшуын орындады. Бұл – Қазақстан тарихындағы жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесінің алғашқы демонстрациялық ұшуы, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

Іс-шараға қатысушылар ұшқышсыз әуе жүйелерінің нақты жағдайда қолданылу мүмкіндіктерімен танысты. Әуе кемесі екі жолаушыны тасымалдауға арналған. Оның ең жоғары жылдамдығы сағатына 130 шақырымды құрайды, ал ұшу қашықтығы 35 шақырымға дейін жетеді.

Алғашқы кезеңде Қазақстанның табиғи, мәдени және тарихи көрікті жерлері үстімен ұзақтығы 5–30 минут болатын демонстрациялық және туристік бағыттарды іске қосу жоспарланып отыр. Болашақта мұндай ұшқышсыз жолаушылар әуе жүйелері қолданыстағы көлік түрлерін толықтырып, еліміздің заманауи көлік инфрақұрылымының бір бөлігіне айналады.

Жоба ұшқышсыз әуе жүйелерін түрлі салада пайдалануды көздейді. Атап айтқанда, оларды шұғыл медициналық көмек көрсетуге, дәрі-дәрмек жеткізуге, өрт сөндіру жұмыстарына, логистикаға және жедел әрекет етуді қажет ететін басқа да бағыттарға қолдану жоспарланған.

Сонымен қатар, жоба аясында Қазақстанда жолаушыларға арналған ұшқышсыз әуе жүйелерінің өндірісін кезең-кезеңімен өзімізде өндіру көзделіп отыр. Бұл жоғары технологиялы машина жасау саласын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өнеркәсіптік кооперацияны кеңейтуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда Көлік министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қалалық әуе мобильдігін дамыту үшін қажетті құқықтық және инфрақұрылымдық негізді қалыптастыру жұмыстарын жүргізуде. eVTOL әуе кемелерін пайдалану, вертипорттардың қызметі және ұшқышсыз әуе қозғалысын басқару жүйесіне қатысты заңнамалық өзгерістер қабылданды. Бұл жаңа технологияларды Қазақстанның көлік жүйесіне қауіпсіз енгізуге қажетті жағдай жасайды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Open Air: Қызылорда облысы полиция департаменті 20 мыңнан астам көрерменнің қауіпсіздігін қамтамасыз етті

06.08.2026639 Views

Қазақстанда 20 млн тоннаға жуық мал азығы дайындалды

06.08.20261 486 Views

Мектеп пәндерінің мазмұны жасанды интеллект бағытында жаңартылуда

06.08.2026225 Views
Соңғы жаңалықтар

Open Air: Қызылорда облысы полиция департаменті 20 мыңнан астам көрерменнің қауіпсіздігін қамтамасыз етті

06.08.2026

Қазақстанда 20 млн тоннаға жуық мал азығы дайындалды

06.08.2026

Мектеп пәндерінің мазмұны жасанды интеллект бағытында жаңартылуда

06.08.2026

Қолжетімді орта: жыл басынан бері 600-ден астам нысан тексерістен өтті

06.08.2026

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 22 мыңнан астам тұрғын тазалық жұмысына атсалысты

06.08.2026

Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесінің алғашқы демонстрациялық ұшуы өтті

06.08.2026

Электрондық еңбек биржасында 104,6 мың бос жұмыс орны жарияланды

06.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.