Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»СЫР ТЕМІРЖОЛШЫЛАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Аймақ жаңалықтары

СЫР ТЕМІРЖОЛШЫЛАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

31.07.2026837 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін Н.Бекежанов атындағы драма театрда Теміржол көлігі қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қатысып, сала ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.
Мемлекет басшысының көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларына тоқталып, теміржол саласының ел экономикасындағы стратегиялық маңызын атап өтті.
«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Жол — тіршілік көзі. Теміржол болмаса, экономика дамымайды. Біз көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға ерекше мән береміз», — деп саланы өркендетуді стратегиялық басымдық ретінде айқындаған болатын.
Бүгінде елімізде мыңдаған шақырым жаңа теміржол желілері салынып, өткізу мүмкіндігі артуда. Сыр бойындағы болат жолдың тарихы тереңде жатыр.
Бүгінде облыстың теміржол кешені заман талабына сай жаңарып келеді. Станциялар мен жол бойындағы нысандар автоматтандырылып, цифрлық жүйеге көшуде. 2024 жылы 600 млн. теңгеден астам қаржыға Қызылорда теміржол вокзалы ғимараты күрделі жөнделіп, іргелес аумағы абаттандырылды.
Президентіміздің тапсырмасына сәйкес, республика бойынша 124 теміржол вокзалы қайта жаңғыртудан өтуде.
Соның ішінде 10 жоба біздің облысымызда іске асып жатыр.
Жақында ғана Қазалы, Шиелі, Жаңақорған, Сексеуіл теміржол вокзалдары мен Талап бекетіндегі жолаушылар платформасы халық игілігіне табысталды.
Арал, Төретам, Жосалы теміржол вокзалдарындағы, Тереңөзек пен Жалағаш қызмет көрсету пункттеріндегі жұмыс кезең-кезеңімен аяқталып келеді.
Биыл өңірімізде 80 шақырымнан астам теміржолға күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр.
Теміржол — ең алдымен, жоғары жауапкершілік пен темірдей тәртіпті талап ететін сала. Жаздың ыстығы мен қыстың аязына қарамастан, болат жолдың бойында үздіксіз қызмет етіп жүрген әрбір қызметкердің еңбегі зор құрметке лайық. Сіздерге барша Сыр жұртшылығының атынан шынайы алғысымды білдіремін. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жауапты да мәртебелі жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін», — деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Салтанатты шарада теміржол саласының бірқатар қызметкері облыс әкімінің Алғыс хатымен, «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, Көлік министрлігінің «Құрметті теміржолшы», «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Адал еңбегі үшін», «Кәсібі бойынша үздік», «Үздік жас маман», «Үздік жол шебері», «Үздік байланысшы» төсбелгілерімен, Құрмет грамотасымен және III дәрежелі «Теміржолшы даңқы» медалімен марапатталды.
Жиында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі филиалының директоры Батырхан Базарбаев сөз сөйлеп, әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады.
Қазіргі таңда өңірдің теміржол саласында 7 мыңнан астам маман еңбек етеді. Облыс арқылы өтетін жүк пен жолаушылар легі, Сыр өңірінің транзиттік әлеуеті жыл сайын артуда.
Аймақтан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізімен қатар, ұзындығы мың шақырымнан асатын магистральдық теміржол желілері өтеді, 15 жолаушылар пойызы қатынайды. Жыл басынан бері 550 мыңнан астам жолаушы тасымалданып, 9 миллион тоннадан астам жүк жеткізілді.
Биыл мамыр айында жылына 600-ден астам вагонға техникалық қызмет көрсететін «Марал Нұр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жаңа кешені пайдалануға беріліп, 100 жаңа жұмыс орны құрылды.
Сонымен қатар қытайлық «CRRC» компаниясымен бірлесіп, заманауи жолаушылар вагондарын құрастыру жобасын іске асыру пысықталуда.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Әлем барысы» атанған балуан Аягөз ауданына әкім болды

31.07.2026691 Views

Қасым-Жомарт Тоқаев Шолпан-Атаға барды

31.07.20261 853 Views

Балқаш мыс балқыту зауыты ауқымды жаңғырту бағдарламасын іске асыруда

31.07.20261 112 Views
Соңғы жаңалықтар

Әлем барысы» атанған балуан Аягөз ауданына әкім болды

31.07.2026

Қасым-Жомарт Тоқаев Шолпан-Атаға барды

31.07.2026

Балқаш мыс балқыту зауыты ауқымды жаңғырту бағдарламасын іске асыруда

31.07.2026

Каспий құбыр консорциумы мұнай жөнелтуді қайта тоқтатты

31.07.2026

Журналист Валерий Сургановқа халықаралық іздеу жарияланды

31.07.2026

Қазақстанның транзиттік мүмкіндігі қандай?

31.07.2026

Астанаға 34 елден 800-ден астам спортшы келді

31.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.