Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚЫЗЫЛОРДАДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АРТЫП, ЖАҢА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛУДА
Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДАДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АРТЫП, ЖАҢА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛУДА

28.07.20261 854 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов 2026 жылдың І жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын жариялады. Оның айтуынша, Сыр елінің бас шаһарында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің тұрақты өсімі сақталып, барлық негізгі салаларда оң нәтижелерге қол жеткізілген.
«Қала экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін бюджет қаражатын тиімді игерумен қатар, инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау және өндірісті әртараптандыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеміз. Нәтижесінде негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің басым бөлігінде өсім қалыптасты. Есепті кезеңде негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,8 пайызға артты. Оның ішінде жеке инвестиция көлемі 116,1 млрд теңгеге жетіп, айтарлықтай өсім көрсетті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 73 млрд теңгеден асып, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 201 мың шаршы метрден асты», – деді қала әкімі Нұржан Сәбитұлы.
Кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламалар арқылы жалғасуда. «Ауыл аманаты», «Аграрлық несие корпорациясы», «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы және «Даму» қоры арқылы ондаған жоба жеңілдетілген қаржыландыруға ие болды. Соның нәтижесінде қаладағы кәсіпкерлер саны 32 мыңнан, ал осы салада жұмыспен қамтылғандар саны 63 мың адамнан асты.
Қала экономикасын әртараптандыру бағытында жаңа өндірістік жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Биыл «Марал Нұр» серіктестігінің жолаушылар вагондарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету кешені іске қосылып, 100 жаңа жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, «Алаш Метан» компаниясының жол бойындағы сервистік кешені пайдалануға берілді.
«Қазіргі таңда өңдеу өнеркәсібінде қағаз және картон өнімдерін шығаратын «Rem Plast Invest» зауытының құрылысы аяқталуға жақын. Агроөнеркәсіп саласында 800 басқа арналған тауарлы сүт фермасы салынуда. Мамыр айында екі ірі халықаралық өндірістік жобаға санитарлық-техникалық жабдықтар мен шыны ыдыстар шығаратын зауыттардың құрылысына капсула салу рәсімі өтті. Бұл жобалар толық іске қосылғанда 600 жаңа жұмыс орны ашылады»,- деді қала әкімі.
Сондай-ақ, қаладағы сауда инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. «Сұлтан» әмбебап базары пайдалануға берілсе, «Асбол», «Сыбаға» және «Талғат» базарларында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Туризм саласында халықаралық деңгейдегі «Rixos», «Ibis» және «Pana» қонақ үйлерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл жобалар Қызылорданың инвестиция көлемін арттырып, өңірдің туристік әлеуетін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026720 Views

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.20261 376 Views

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026419 Views
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық кешен іске қосылды

10.09.2026

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

10.09.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ САЛДЫ

09.09.2026

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.