Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
Аймақ жаңалықтары

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

28.07.2026623 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау және жетілдіру – мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттырудың, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың маңызды бағыттарының бірі. Бұл бағыт мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге, қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіруге, бюрократиялық кедергілерді азайтуға және азаматтарға қолайлы, ашық әрі қолжетімді қызмет көрсету жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына тұрақты бақылау жүргізіліп, анықталған бұзушылықтарды жою, олардың алдын алу және қызмет көрсету процестерін жетілдіру бойынша жүйелі шаралар жүргізілуде.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау және жетілдіру бағыты бойынша 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы Департаменттің Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Арынова Зухра Серікқызымен сұхбаттастық.

— Зухра Серікқызы, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қызылорда облысында мемлекеттік қызмет көрсету бағытындағы негізгі көрсеткіштер қандай болды?
— Есепті кезеңде облысымызда жалпы 396 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді. Оның ішінде 195 қызметті жергілікті атқарушы органдар, 201 қызметті аумақтық мемлекеттік органдар ұсынды. Барлығы 2 928 126 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 619 010-ы немесе 21,1%-ы аумақтық мемлекеттік органдарға, ал 2 309 116-сы немесе 78,9%-ы жергілікті атқарушы органдарға тиесілі.

— Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу тәсілдері бойынша қандай көрсеткіштер қалыптасты?
— Аумақтық мемлекеттік органдар көрсеткен 619 010 қызметтің ішінде 1319 қызмет қағаз түрінде (0,2%), 491 646 қызмет электрондық форматта (79,4%), 126 045 қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы (20,4%) көрсетілді. Ал жергілікті атқарушы органдар көрсеткен 2 309 116 қызметтің ішінде 9787 қызмет қағаз түрінде (0,4%), 2 299 329 қызмет электрондық түрде (99,6%) көрсетілді. Бұл бағытта Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету тіркелген жоқ.

— Департамент мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жұмыстарын қалай жүргізді?
— Биылғы бірінші жартыжылдықта Департаментпен 17 бақылау іс-шарасы өткізілді. Оның ішінде 7 жоспарлы тексеру, 8 жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша жоспардан тыс тексеру, сондай-ақ 2 мемлекеттік органдардың хабарламалары негізінде тексеру жүргізілді. Барлық тексерулер мен қашықтықтан мониторинг нәтижесінде 6093 заң бұзушылық анықталды. Оның 3645-і аумақтық мемлекеттік органдарда, 2448-і жергілікті атқарушы органдарда тіркелді.

  • Жоспарлы тексерулердің нәтижелері қандай болды?
    — Жоспарлы тексерулер барысында 2 425 бұзушылық анықталды. Оның ішінде 2 388 бұзушылық жергілікті атқарушы органдарда, 37 бұзушылық аумақтық мемлекеттік органдарда тіркелді. Нәтижесінде, заң бұзушылықтарды жою мақсатында 7 ұсыну енгізіліп, олардың аясында 16 нұсқама мен ұсыным берілді. Барлығы толық орындалды. Сонымен қатар 2 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке, 1 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

— Азаматтардың өтініштері бойынша жүргізілген жұмыстар туралы айтып өтсеңіз.
— Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары негізінде 8 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 36 бұзушылық анықталды. Оның ішінде: 30-ы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзу, 6-уы негізсіз бас тарту фактілері. Бұзушылықтарды жою мақсатында 17 ұсыну енгізіліп, 39 нұсқама мен ұсыным берілді. Сонымен бірге 7 қызметкер тәртіптік, 3 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

— Қашықтықтан байқау дегеніміз не? Ол бағытта жұмыстар қалай жүргізіледі?
— Қашықтықтан байқау мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне қол жеткізу арқылы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептік ақпарат пен өзге де мәліметтер негізінде байқау жолымен жүргізіледі. Яғни, Агенттіктің тапсырмасына сәйкес қолжетімділік берілген ақпараттық жүйелер арқылы мемлекеттік органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасы қашықтықтан бақыланады. Жалпы есепті кезеңде қашықтықтан байқау нәтижесінде 3 623 бұзушылық анықталды. Оның ішінде 3 608 бұзушылық аумақтық мемлекеттік органдарда, 15 бұзушылық жергілікті атқарушы органдарда тіркелді. Нәтижесінде мемлекеттік органдарға 18 нұсқама мен ұсыным беріліп, олардың барлығы орындалды.

— Азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында қандай нәтижелерге қол жеткізілді?
— Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты 76 өтініш келіп түсті. Олардың: 50-і қаралды; 16-сы өтініш иесінің өтініші бойынша тоқтатылды; 10-ы ведомстволық бағыныстылығы бойынша басқа мемлекеттік органдарға жолданды. 8 өтініш бойынша тексеру жүргізіліп, барлық 8 қызмет алушының құқықтары толық қалпына келтірілді. Сонымен қатар сұрау салу тәртібімен 2 қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді. Бұдан бөлек, жоспарлы тексерулер нәтижесінде 1 475 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.

— Заң талаптарын бұзған лауазымды тұлғаларға қандай шаралар қолданылды?
— Рұқсат құжаттарын беру мерзімі мен тәртібін бұзғаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің
465-бабы бойынша 19 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде:
465-баптың 1-бөлігі бойынша – 3; 2-бөлігі бойынша – 10; 3-бөлігі бойынша – 6 хаттама толтырылды. 18 хаттама қысқартылған тәртіппен, 1 хаттама сот тәртібімен қаралып, жалпы 1 453 200 теңге көлемінде айыппұл салынып, толық өндірілді. Сонымен қатар мемлекеттік органдар мен ұйымдардың
13 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

— Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында қандай алдын алу және түсіндіру жұмыстары жүргізілді?
— Алдын алу шараларына ерекше көңіл бөлінді. Есепті кезеңде 5 мекемеде қоғамдық мониторинг жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, қоғамдық кеңестің 3 отырысында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 8 мәселе қаралып, 15 ұсыным берілді, ұсынымдар толық орындалды. Сонымен қатар, Ведомствоаралық жұмыс тобының 2 отырысында мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша өзекті мәселелер қаралып, 5 мемлекеттік органға 15 ұсыным берілді және оның барлығы орындалды. Бұған қоса, «Елге қызмет» арнайы телебағдарламасының 10 шығарылымы эфирге шықты және «Ең алдымен адамдар» арнайы оқу бағдарламасы аясында 2 семинар өткізіліп, 40 мемлекеттік қызметші оқытылды.

— Халықпен кері байланысты нығайту бағытында қандай жұмыстар атқарылды?
— Агенттікпен бекітілген кестеге сәйкес ағымдағы жылдың 20 мамыр күні «Кәсіпкерлік және салық мәселелері» тақырыбында қызмет алушылар күні ұйымдастырылды. Іс-шара барысында тұрғындар мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың мамандарына өз сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Шараға 70-ке жуық қызмет алушы қатысып, қажетті ақпаратпен қамтылды. Сонымен қатар Департамент пен мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің қатысуымен 15 семинар, 3 интернет-конференция, 3 тікелей эфир өткізіліп, жалпы 3 186 көрермен қамтылды.

— Зухра Серікқызы, мазмұнды сұхбатыңызға рақмет! Соңғы сұрақ, алдағы кезеңдегі негізгі міндеттер қандай?
— Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау мен заң бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын әрі қарай жалғастыру, ең алдымен азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайту, қызмет алушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік қызметтердің заңдылығын, сапасы мен қолжетімділігін арттыру, мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттік аппараттың халыққа бағдарланған қызметін қалыптастыру.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

28.07.2026861 Views

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ АҚЖАРМА ЕЛДІ МЕКЕНІ ТҰРҒЫНДАРЫ ТАБИҒИ ГАЗ ТҰТЫНА БАСТАДЫ

24.07.2026854 Views

ЖАУАПТЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

24.07.2026871 Views
Соңғы жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

28.07.2026

ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

28.07.2026

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ АҚЖАРМА ЕЛДІ МЕКЕНІ ТҰРҒЫНДАРЫ ТАБИҒИ ГАЗ ТҰТЫНА БАСТАДЫ

24.07.2026

ЖАУАПТЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

24.07.2026

ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

24.07.2026

І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНДА ОҢ ӨСІМ ҚАЛЫПТАСТЫ

23.07.2026

АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ОҢ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

23.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.