Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Аймақ жаңалықтары

ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

24.07.2026836 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте егін шаруашылығының қазіргі жағдайы талқыланды.
Биыл облыста 185,8 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілгені белгілі. Оның ішінде дәндi дақылдар 89,7 мың гектар, майлы дақылдар 6,1 мың гектар, мал азықтық дақылдар 73,2 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 16,8 мың гектар. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өткен жылмен салыстырғанда күріш көлемі 10,9 мың гектарға қысқарды, бүгінде 70 мың гектар күріш суға толық бастырылған.
Жалпы 7 541 гектар мақсары, 415 гектар жаздық арпа, 4 338 гектар жаздық бидай, 21 394 гектар жаңа жоңышқа, 428 гектар қант құмайы, 873 гектар судан шөбі, 409 гектар сүрлемдік жүгері, 373 гектар соя, 30 гектар күнбағыс, 120 гектар жемдік асқабақ, 326 гектар тары, 1 366 гектар картоп, 6 743 гектар көкөніс, 8 735 гектар бақша егілді.
Күріштің 53,4 мың гектары үстеп қоректендіріліп, 61,2 мың гектары арамшөптерге қарсы өңделді.
Осыған сәйкес, 16,7 мың гектары (23,9%) түтікке шығу, 44,8 мың гектары (64%) масақтану, ал 8,5 мың гектары (12,1%) гүлдену кезеңіне өтті.
Күздік бидай, сұлы толық жиналып бітті. Шаруашылықтар күтімге алған 49 мың гектар ескі жоңышқаның 2380 гектарын тұқымға қалдырып, 46,6 мың гектардан екі орымнан жалпы 142,7 мың тонна жоңышқа дайындады. Мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда.
Шілденің 23-індегі мәліметке қарағанда, Шардара су қоймасына жоғарыдан секундына 113,4 текше метр су түсуде. Қоймадағы су көлемі 3,3 млрд. текше метр. Сырдария өзенінің төменгі ағысына 550 текше метрі жіберілуде.
Көксарай су реттегішінде жинақталған су көлемі 23 млн. текше метр, былтырғыдан 2,76 млн. текше метр артық.
Биыл гидротехникалық құрылыстарға, ішкі шаруашылық каналдарына жөндеу жүргізілді.
Мәжіліс қорытындысында аймақ басшысы жауапты сала жетекшілеріне бірқатар тапсырма берді.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ АҚЖАРМА ЕЛДІ МЕКЕНІ ТҰРҒЫНДАРЫ ТАБИҒИ ГАЗ ТҰТЫНА БАСТАДЫ

24.07.2026852 Views

ЖАУАПТЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

24.07.2026871 Views

І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНДА ОҢ ӨСІМ ҚАЛЫПТАСТЫ

23.07.2026627 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ АҚЖАРМА ЕЛДІ МЕКЕНІ ТҰРҒЫНДАРЫ ТАБИҒИ ГАЗ ТҰТЫНА БАСТАДЫ

24.07.2026

ЖАУАПТЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

24.07.2026

ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

24.07.2026

І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНДА ОҢ ӨСІМ ҚАЛЫПТАСТЫ

23.07.2026

АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ОҢ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

23.07.2026

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

23.07.2026

ӨҢІРДЕ ӨНДІРІСТІК ЖОБАЛАРҒА ДА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛІП КЕЛЕДІ

23.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.