2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ауданда 2 541 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның 2 471-і, яғни 91,5 пайызы нақты жұмыс істеп тұр.
Есепті кезеңде қаржы институттары арқылы кәсіпкерлердің жалпы құны 1,3 млрд теңгені құрайтын 56 жобасы қаржыландырылды.
Мемлекет басшысының ауыл тұрғындарының табысын арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы аясында биыл «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы АҚ арқылы жалпы құны 234 млн теңгені құрайтын 37 жоба қаржыландырылып, нәтижесінде 39 жаңа жұмыс орны ашылды.

