Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Алматы – Бішкек автожолын кеңейту жобасы басталды
Аймақ жаңалықтары

Алматы – Бішкек автожолын кеңейту жобасы басталды

20.07.2026523 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Алматы облысының Қарасай ауданында республикалық маңызы бар Алматы – Бішкек автомобиль жолының 19–27 шақырым аралығын қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстары басталды. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлік инфрақұрылымын дамыту және автомобиль жолдарының өткізу қабілетін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігі.

Қайта жаңғыртылатын жол учаскесі республикалық жол желісіндегі ең қарқынды қозғалыс жүретін бағыттардың бірі саналады. Бұл жолмен тәулігіне 70 мыңнан астам автокөлік қатынайды. Қазіргі төрт жолақты жолдың өткізу қабілеті жеткіліксіз болғандықтан, көлік кептелісі жиі туындап, қозғалыс жылдамдығы төмендейді және Алматы қаласы мен қала маңындағы елді мекендер арасындағы көлік байланысына кері әсерін тигізуде.

Жолды кеңейту оның өткізу қабілетін арттырып, жол жүру уақытын қысқартады, сондай-ақ жүргізушілер мен жолаушылар үшін қауіпсіз әрі жайлы жағдай қалыптастырады.

Жоба аясында жолдың жүріс бөлігі төрт жолақтан сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі. Сонымен қатар, «таға» үлгісіндегі екі жолайрық, тоғыз жерүсті жүргіншілер өткелі салынып, жол бойына тротуарлар мен заманауи сыртқы жарықтандыру жүйесі орнатылады. Бұдан бөлек, газ құбырлары, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және байланыс желілері қайта жаңартылып, жолға жаңа күрделі үлгідегі жабын төселеді. Жоба 2026 жылдың сәуір айында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды.

Бұл жол учаскесін жаңғырту – Алматының көлік жүйесін кешенді дамыту жұмыстарының бір бөлігі. Қазіргі уақытта қалада Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейін созылатын алты радиалды жол мен жеті магистральдық көшені салу және ұзарту жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар метро, LRT және SkyTrain жүйелері қатар дамытылып жатыр.

Жобаны іске асыру нәтижесінде Алматы қаласына кіреберіс және шығаберіс бағыттардағы көлік жүктемесін азайту, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және қала мен қала маңындағы елді мекендер арасындағы көлік қатынасын жақсарту көзделіп отыр. Сонымен қатар жоба Қазақстан мен Қырғызстанды байланыстыратын халықаралық көлік дәлізін дамытуға, сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға және еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстанда шомылу маусымы басталғалы 69 бала суға батып қаза тапты

21.07.2026357 Views

ОСК тіркеді: «Әділет» партиясының 186 үміткері Құрылтай сайлауына қатысады

21.07.2026595 Views

Месси Испаниямен өтетін финал алдында жанкүйерлеріне үндеу жасады

21.07.2026894 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда шомылу маусымы басталғалы 69 бала суға батып қаза тапты

21.07.2026

ОСК тіркеді: «Әділет» партиясының 186 үміткері Құрылтай сайлауына қатысады

21.07.2026

Месси Испаниямен өтетін финал алдында жанкүйерлеріне үндеу жасады

21.07.2026

Үкімет көлік нарығын көлеңкелі бизнестен тазарта ала ма?

21.07.2026

АВТОКӨЛІК ЖАСАУ САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

21.07.2026

Қытай сарапшылары: «Қазақстан — Еуропаға ашылған стратегиялық қақпа»

20.07.2026

Алматы – Бішкек автожолын кеңейту жобасы басталды

20.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.