Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Айғыз ауылының әкімі ауыз су мәселесін көтергені үшін жауапкершілікке тартыла ма?
Аймақ жаңалықтары

Айғыз ауылының әкімі ауыз су мәселесін көтергені үшін жауапкершілікке тартыла ма?

14.07.2026753 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бұған дейін kznews.kz порталы Абай облысы, Аякөз ауданына қарасты Айғыз ауылындағы ауыз су мәселесі туралы екі рет материал жариялаған болатын. Өкінішке қарай, ауылдағы ауыз суға қатысты дау әлі тоқтамағанға ұқсайды.

Алғашында біз тұрғындардың шағымы бойынша елді мекендегі ауыз су мәселесінің шешілмей келе жатқанына алаңдаушылық білдірген едік. Одан кейін ауыз су мәселесі бойынша жергілікті шенеуніктердің Айғыз ауылына арнайы келіп, тұрғындармен кездескені туралы жарияладық. Онда Аякөз ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Жолдыбекұлы ауылға арнайы келіп, қирап жатқан ауыз су жүйесін көзбен көргені айтылған. Яғни, аудан шенеунігі халыққа уәде беріп, бұзылған су жинау қондырғысының 30-шілдеге дейін жөнделетінін айтқан.

Тұрғындар бұл уәжге тоқтағанымен, атқамінерлер арасындағы сөз мұнымен бітпеген көрінеді. Яғни, ауыз суға қатысты дау өрши түскен.

Мәселеге орай kznews.kz порталына қайта хабарласқан ауыл тұрғындары су құбырының жөндеу жұмыстары жақын күндері аяқталатынына сенімсіз екендерін айтты. Өйткені, кездесу болғаннан бері үш күн уақыт өтсе де, жөндеу жасайтын мекеме тарапынан ешқандай әрекет байқалмаған. Ал аптап ыстықтың күшейгені ауыз суды өлшеп қолданып отырған адамдарға екі есе ауыр тиіп отыр екен.

Алайда, ауыл тұрғындары жағдайдың екінші жағы да бар дейді. Олардың пікірінше, аудан басшылығы мәселенің өзіне емес, тұрғындардың наразылығын баса алмай жағдайдың әлеуметтік желі мен БАҚ беттерінде жариялануына жол берген Айғыз ауылдық округінің әкіміне қатысты қызметтік тексеруге мән беріп отыр екен.

Анығында, ауыл әкімі Мереке Сыдықов өзінің кадр бөліміне түсініктеме жазғанын растайды. Ол бұл мәселеде өзінің қызметтік өкілеттігіне сәйкес, тұрғындардың сұрауы бойынша су жинайтын қондырғының қазіргі жағдайын түсіндіріп, адамдарды ертіп барып көрсеткенін және әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаға қатысы жоқ екенін айтады.

— Айғыз ауылындағы ауыз су мәселесі 2026 жылдың көктемінде күрделене түсті. 16 сәуірде ауылдағы су сақтайтын мұнара құлап, содан бері су жүйесі толыққанды жұмыс істемей келеді. Қазір ауылға су уақытша жөнделген желілер арқылы беріліп жатқанымен, оның тұрақтылығы жоқ. Бірде су келсе, бірде тоқтап қалады, — дейді ауыл тұрғыны Төлеуғазы Бексұлтанов.

Тұрғындар жауапты мекемелерге бірнеше мәрте хабарласқанын айтады. Алайда, мәселені шешу жұмыстары баяу жүріп, мердігер ұйым мен жауапты органдар арасындағы үйлестіру жеткіліксіз болған.

Яғни, ауыл тұрғындары жөндеу жұмыстарының созылуына, техниканың жеткіліксіздігіне және қазылған аумақтардың уақытында қалпына келтірілмегеніне наразылық білдірген. Өйткені, су жүйесін қалпына келтіруге қажетті қаржы мәселесі де дер кезінде шешілмеген. Соның салдарынан жөндеу жұмыстары кешігіп, тұрғындар күнделікті тұрмыста қиындықтарға тап болған.

Ал мәселе әлеуметтік желілерде көтерілгеннен кейін ғана аудан басшылығының назарын аударған.Тұрғындардың айтуынша, осыдан кейін ғана жауапты тұлғалар ауылға барып, жұмыстарды жеделдету туралы тапсырмалар берген. Айғыздықтардың ендігі талабы ауылды тұрақты әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету болып отыр. Сонымен бірге олар жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржының тиімді жұмсалуын, істің не себепті ұзаққа созылғанын анықтап, жауапты тұлғаларға баға беруді сұрайды.

— Осы мәселелерді жиі көтеріп, ауданға хат жазып жүрген ауыл әкімінің әрекеті жоғарыдағы кейбір лауазымды басшыларға ұнамай қалған болуы керек, кеше әкімді шақырып, түсініктеме жаздырыпты. Мұның аяғы тәртіптік кеңеске салумен бітетін сияқты. Сонда ауыл тұрғындарының талабына көніп, ауыз су мәселесін айтқан әкім неге жазықты болуы керек? Бұл Президент Тоқаев жүргізіп отырған «Еститін билік» саясатына сай келе ме?- дейді бізге хабарласқан Айғыз ауылының тұрғындары.

Тоқетерін айтқанда, Айғыз ауылының әкімі ауыз су мәселесін көтергені үшін жауапкершілікке тартыла ма?

Әлбетте, бұл сұрақтың жауабын Абай облысының әкімі Берік Уәли мен Аякөз ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Айбек Нұғымаровтан күтеміз.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Зейнетақы жинағына берілетін кепілдік жойылуы мүмкін

14.07.2026329 Views

Ақтауда есірткіні сақтап, өткізумен айналысқан ер адам ұсталды

14.07.2026229 Views

Заңгер әрі блогер Әділетхан Молдаханға сот үкімі шықты

14.07.2026741 Views
Соңғы жаңалықтар

Зейнетақы жинағына берілетін кепілдік жойылуы мүмкін

14.07.2026

Ақтауда есірткіні сақтап, өткізумен айналысқан ер адам ұсталды

14.07.2026

Заңгер әрі блогер Әділетхан Молдаханға сот үкімі шықты

14.07.2026

Қайын жұртын түгелдей қырып салған Сұлтан Сәрсемәлиевке үкім шықты

14.07.2026

Қонаевтың көмекшісінің қызы Назарбаевқа қатысты көпшілік біле бермейтін оқиғаны айтты

14.07.2026

Айғыз ауылының әкімі ауыз су мәселесін көтергені үшін жауапкершілікке тартыла ма?

14.07.2026

Үкімет 16,2 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

13.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.