Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Жетісу облысының тағы 9 елді мекені табиғи газға қосылды
Аймақ жаңалықтары

Жетісу облысының тағы 9 елді мекені табиғи газға қосылды

13.07.2026198 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Мемлекет басшысының елді газдандыру деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында халықтың табиғи газға қолжетімділігін кеңейту жұмыстары жалғасуда. Бүгіннен бастап Жетісу облысы Кербұлақ ауданының тағы 9 елді мекенінің тұрғындары табиғи газды пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Олар: Байғазы, Тастыбастау, Алтынемел, Ақбастау, Доланалы, Жаңалық, Жайнақ батыр, Шаған және Тастыөзек ауылдары, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

Жоба аясында 1 390 тұрғын үйде тұратын шамамен 6 мың тұрғынды табиғи газға қосуға мүмкіндік жасалды. Осылайша, ауданда газдандырылған елді мекендердің саны 22-ге жетті.

Кербұлақ ауданын газдандыру жобасы 2022 жылдан бері кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді және Жетісу облысындағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі саналады. Жалпы ұзындығы шамамен 500 шақырым болатын газ тарату желілерін салып, ауданның 25 елді мекенін газдандыру көзделген.

Бүгінде Жетісу облысының газдандыру деңгейі 67,2%-ға жетті. Табиғи газ өңірдегі 110 елді мекеннің тұрғындарына қолжетімді. Іске асырылып жатқан жобалар толық аяқталғаннан кейін газдандырылған елді мекендердің саны 126-ға дейін артып, облыстың 500 мыңнан астам тұрғыны табиғи газға қол жеткізеді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026720 Views

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.20261 376 Views

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026419 Views
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық кешен іске қосылды

10.09.2026

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

10.09.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ САЛДЫ

09.09.2026

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.