Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»«Ауыл аманаты» жобасы арқылы 5 мыңға жуық жұмыс орны құрылды
Аймақ жаңалықтары

«Ауыл аманаты» жобасы арқылы 5 мыңға жуық жұмыс орны құрылды

08.07.2026161 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес халықтың әл-ауқатын арттыру және ауыл кәсіпкерлігін дамыту мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы тұрақты жүзеге асырылып келеді. Жалпы 2023-2025 жылдары жобаны жүзеге асыру мақсатында республикалық бюджеттен 30,2 млрд теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде 2023 жылы 19,8 млрд теңге, 2024 жылы 3 млрд теңге және 2025 жылы 7,4 млрд теңге толық игерілді, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Алты бағыт бойынша 4 223 жоба несиелендірілген. Атап айтқанда, өсімдік шаруашылығы саласында – 597 жоба, мал шаруашылығында – 3155 жоба, құс шаруашылығы бағытында – 22 жоба, балық шаруашылығында – 53 жоба жүзеге асырылды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы кооперативтерін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша – 150 жоба, тұрғындардың өз кәсібін ашуына бағытталған – 279 жоба іске асырылды.

Облыс көлемінде жалпы саны 593 жылыжай кешені салынды. Шағын кәсіпкерлік 4223 бірлікке еселеніп, 4635 жаңа жұмыс орны құрылды. Сонымен қатар 79 қайта өңдеу кәсіпорны өз жұмысын бастады. Оған қоса мал басы 76 887-ге ұлғайды. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 441 адамға азайды.

Биыл «Ауыл аманаты» жобасына республикалық бюджеттен 15,3 млрд теңге қаржы қарастырылған. Бұл тұста 1115 жобаны қаржыландыру және 1 400 жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Бүгінде несие келісімі бойынша 7 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 2,5 млрд. теңге басым бағыттар бойынша қаржыландырылады, сондай-ақ, 73 ауылдық округ пен 78 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылмақ.

Жалпы өңір экономикасын дамыту мақсатында бірқатар ауданда «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауқымды жобалар іске асырылып жатыр. Атап айтқанда, Шардара ауданында жылына 1,5 мың тонна балық жемін өндіретін кооператив құру жоспарланған. Ал Сауран ауданында жылдық қуаттылығы 2 мың тонна болатын макарон өнімдерін шығаратын кәсіпорын ашу көзделген. Сонымен қатар Төлеби ауданында жылына 360 тонна шұжық өнімдерін өндіретін қайта өңдеу кәсіпорнын іске қосу көзделсе, Келес ауданында тәулігіне 1,5 мың дана шұлық шығаратын өндірістік цех ашу жоспарланып отыр.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026720 Views

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.20261 376 Views

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026419 Views
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық кешен іске қосылды

10.09.2026

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

10.09.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ САЛДЫ

09.09.2026

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.