Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Денсаулық»Денсаулық сақтау министрлігі мектеп медицинасының жаңа стандартын енгізеді
Денсаулық

Денсаулық сақтау министрлігі мектеп медицинасының жаңа стандартын енгізеді

08.07.2026322 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Мектеп медицинасын жаңғырту шеңберінде биыл жаңа стандарттар енгізілуде. Олар оқушыларды профилактикалық тексеруден өткізуді цифрландыруды, алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарын диагностикалық жабдықтар жиынтықтарымен қамтамасыз етуді және орта буын медицина қызметкерлерін оқытуды көздейді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

«Бүгінде профилактикалық тексерулерді жай ғана өткізу емес, олардың жоғары сапасын қамтамасыз ету маңызды. Ол үшін медицина қызметкерлерін жаңа тәсілдерге оқытып, оларды заманауи диагностикалық құралдармен қамтамасыз ету қажет», – деді бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова.

Жалпы, балаларға хирургия, офтальмология, оториноларингология және стоматология бағыттары бойынша профилактикалық тексерулер жүргізуге қатысатын 2054 мейіргерді оқыту жоспарланып отыр. Министрлік мамандарды даярлау барысына апта сайын мониторинг жүргізіп, өңірлерді бұл жұмысты жандандыруға шақырады.

Денсаулық сақтау министрлігінің есептеуі бойынша, мектеп оқушыларына сапалы профилактикалық тексерулер жүргізу үшін медициналық ұйымдарға 900-дан астам жабдық жиынтығы қажет болады.

Мектеп медицинасын цифрландыру да жеке бағыт ретінде жүзеге асырылады. Профилактикалық тексерулердің нәтижелерін автоматты түрде тіркеуге, баланың кейінгі тексерілуін қадағалауға, медициналық ұсынымдардың орындалуын бақылауға және ата-аналарды цифрлық сервистер арқылы хабардар етуге мүмкіндік беретін жүйе құру жоспарлануда.

«Баланың денсаулығы – денсаулық сақтау жүйесінің, білім беру саласының және ата-аналардың ортақ жауапкершілігі. Сондықтан біз ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтіп, мектеп оқушыларын сүйемелдеудің бірыңғай жүйесін қалыптастырып жатырмыз», – деп атап өтті Магрипа Ембергенова.

Жаңа тәсілдерді іске асыру мектеп медицинасын заманауи, технологиялық тұрғыдан дамыған әрі ауруларды ерте анықтауға және балалардың денсаулығын сақтауға бағытталған жүйеге айналдыруға мүмкіндік береді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында үндеу жасады

23.08.20261 928 Views

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

23.08.2026719 Views

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

23.08.2026593 Views
Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында үндеу жасады

23.08.2026

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

23.08.2026

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

23.08.2026

САЙЛАУ КҮНІ – ЖӘРМЕҢКЕГЕ ДЕ ЖОЛ ТҮСТІ

23.08.2026

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ: Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады

23.08.2026

Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам тұрады

21.08.2026

Ақмола облысының 24 мыңнан астам тұрғыны газға қол жеткізді

21.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.