Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ЖӘНЕ «АУЫЛ VIBE, RETRO NIGHT» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Аймақ жаңалықтары

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ЖӘНЕ «АУЫЛ VIBE, RETRO NIGHT» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

05.07.2026964 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін «Мұстафа Шоқай» атындағы орталық алаң алаңында «Ауыл Vibe, Retro NIGHT» байқауы және Ұлттық домбыра күніне арналған салтанатты мерекелік концерт өтті.
Ұлттық рухты дәріптеген кешті аудан өнерпаздары жоғары деңгейде ұйымдастырып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй мен рухани әсер сыйлады.
Мерекелік шарада аудан әкімі Айтбай Жандарбеков тұрғындарды мерекемен құттықтап, ел бірлігі, ұлттық құндылықтар және өнердің тәрбиелік маңызына тоқталды.
– “Домбыра — халқымыздың қастерлі қазынасы, ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлшегі. Қазақты қазақ еткен – тілі, ділі және қара домбырасы. Ұлы Абайдан Құрманғазы мен Тәттімбетке, Динадан бүгінгі күй шеберлеріне дейінгі өнер иелері осы киелі аспап арқылы халқымыздың рухын асқақтатып, ұлттық сананы жаңғыртты. Мемлекет басшысы ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, дәстүрлі өнер мен мәдениетті дамытуға ерекше мән беріп келеді. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар өңірімізде де табысты жалғасуда. Бүгінгі байқау — соның жарқын көрінісі,” – деді аудан әкімі.
Сонымен қатар, аудан басшысы еліміздегі саяси реформаларға тоқталып, заң үстемдігі, әділдік, жауапкершілік қағидаттарының қоғам дамуындағы маңызын атап өтті. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған басым бағыттар елдің тұрақты дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға негіз болатынын жеткізді.
Байқау аясында Иіркөл және Алмалы ауылдық округтерінің өнер ұжымдары концерттік бағдарлама ұсынып, ұлттық өнерді насихаттайтын қойылымдар мен патриоттық әндерді көпшілік назарына ұсынды. Әр ауылдың тарихы, еңбек дәстүрі, мәдени мұрасы мен шығармашылық әлеуеті кеңінен таныстырылып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Шара соңында аудан әкімі ауылдардың қоғамдық өміріне белсенді атсалысып жүрген азаматтарға, өнерлі жастарға, ауыл ақсақалдары мен аналар алқасына ризашылығын білдіріп, ұлттық өнер мен мәдениетті дамытуға қосып жүрген үлестеріне табыс тіледі.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026720 Views

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.20261 376 Views

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026419 Views
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық кешен іске қосылды

10.09.2026

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

10.09.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ САЛДЫ

09.09.2026

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.