Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Денсаулық

48 млн шаршы метрден астам аумақ кенелерге қарсы өңделді

30.06.2026
Жаз мезгілі дәстүрлі түрде бірқатар инфекциялық аурудың пайда болу қаупінің артуымен сипатталады. Осы кезеңде табиғи ошақты инфекциялардың аллын алу, тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тағамнан уланудың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылады. Санитариялық- эпидемиологиялық бақылау комитеті эпидемиологиялық ахуалға тұрақты мониторинг жүргізіп, профилактикалық іс-шараларды және мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

Ол маусымдық кезеңдегі ең өзекті қауіп-қатердің біріне тоқталып өтті.

«Конго қырым гемаррагиялық қызбасы бойынша эпидемиологиялық ахуал. Ол – аса қауіпті ошақтық вирустық инфекциялардың бірі. Аурудың ең басты тасымалдаушылары – экзот кенелері. Қазақстанда аурудың табиғи ошақтары Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары және Шымкент қаласының аумағында орналасқан. Конго қырым гемаррагиялық қызбасымен сырқаттанушылық елімізде жыл сайын тіркеледі. Республика бойынша жыл сайын орта есеппен 25-30 жағдай анықталады. Кенелердің белсенділігі жоғары кезеңде аурудың маусымдық ауқымының өсуі байқалуы мүмкін. Эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда. Эпидемиялық өңірлерде профилактикалық іс-шаралардың толық кешені жүзеге асып жатыр», – деді спикер.

Биылдың басынан бері зертханалық жолмен расталған 22 жағдай тіркелді. Санитариялық қызмет тарапынан барлық қауіпті елдімекен айналасында қорғаныш аймақтары құрылды. Ветеринариялық қызмет 7.5 млн астам ауыл шаруашылығы жануары және мал шаруашылығы нысандарының 48 млн шаршы метрден астам аумағын кенелерге қарсы өңдеуден өткізді. Қазір өңдеудің екінші кезеңінің кестесі қалыптастырылуда.

Жеке қорғану шараларына да назар аударылады. Инфекция кене шаққанда, ауыл шаруашылығы жануарларын күту кезінде, науқас адамның қаны және басқа да биологиялық сұйықтықтарымен байланыс кезінде жұғуы мүмкін. Қауіп-қатері жоғары топта мал өсірушілер, шопандар, ветеринариялық және медицина қызметкерлері жатады. Бұл дертке қарсы вакцина жоқ. Аурудың алдын алу үшін қауіпсіздік талаптарын орындау қажет.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.