Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Басты жаңалықтар»Жаңа Конституция күшіне енсе Үкімет отставкаға кете ме?
Басты жаңалықтар

Жаңа Конституция күшіне енсе Үкімет отставкаға кете ме?

24.06.20262 159 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

1-шілдеден бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына сәйкес мемлекеттік билік жүйесінде бірқатар институционалдық өзгерістер орын алады. Сол өзгерістердің ішінде қазіргі Үкіметтің құқықтық мәртебесі мен оның өкілеттігін тоқтату тәртібі ерекше назар аудартып отыр.

Ел ішінде 1-шілдеден бастап Парламент палаталарының жұмысы тоқтап, атқарушы билік бұтағы — Үкімет те отставкаға кетеді деген түсінік бар. Осы жерде жоғарғы билік эшолонындағы өзгерістер туралы дәйекті ақпараттар жұрт арасына толықтай жетпей жатқаны байқалады.

Әрине, заңдық негізде жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін Парламент жұмысы тоқтайтыны бұған дейін айтылған болатын. Бұған нақты жауапты 26-маусым күні болатын Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысынан кейін алатын шығарамыз. Ал біріккен отырыстың шақырылғаны туралы бұған дейін жазған едік.

Жалпы, жұртты қызықтыратыны Үкіметтің отставкаға кетуіне қатысты болжамдар болса керек.

Сарапшылардың пікірінше, атқарушы биліктің тағдыры бір сәттік шешіммен емес, өтпелі конституциялық механизм арқылы реттеледі екен. Яғни, жаңа Конституция күшіне енген күні Үкімет автоматты түрде отставкаға кетпейді. Атқарушы билік мемлекеттік басқару жүйесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін өз жұмысын қалыпты режимде жалғастыра береді. Бұл кез келген конституциялық реформаның негізгі қағидаларының бірі болып саналады.

Ал өкілеттіктің тоқтау мерзімі нақты белгіленген Конституциялық нормаларға сәйкес, Үкіметтің құзыреттілігі жаңадан сайланған Құрылтайдың алғашқы отырысы ашылған сәтте тоқтайды.

Осы кезеңге дейін қазіргі Үкімет толық атқарушы билік функцияларын орындай бермек. Әлбетте, мемлекеттік бағдарламалардың іске асыру, әлеуметтік-экономикалық саясаттың сабақтастығы үздіксіз қозғалысты талап етеді.

Тоқетерін айтқанда, жаңадан сайланатын Құрылтай алғашқы сессиясын өткізген сәттен бастап елімізде жаңа саяси кезең басталады.

Айтпақшы, Конституциялық құқық тұрғысынан «отставка» мен «өкілеттіктің тоқтауы» ұғымдары екі бөлек түсінік екен. Бұл жердегі «отставка» саяси шешім негізінде жүзеге асатын, яғни қызметтен нақты себеп бойынша кету болса, «өкілеттікті тоқтату» жолы Конституцияда алдын ала белгіленген құқықтық рәсім ретінде анықталады.

Деп келгенде, жаңа Конституциялық басқару үлгісі бойынша Үкіметтің «отставкаға кетуі» емес, оның конституциялық өкілеттігінің аяқталуы туралы айту дұрыс болады екен.

Жалпы, тілге тиек етіп отырған саяси реформалардың аяқталуы жүйеде өтпелі кезеңнің басталғанын білдіреді. Ал бұл кезеңдегі Үкіметтің басты міндеті мемлекеттік басқарудағы тұрақтылық пен сабақтастықты сақтау болмақ.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

«Горбачев Назарбаевты қабылдағысы келмеген»: Шыңғыс Айтматовтың ұлы тың дерек айтты

24.06.20261 482 Views

Алматы облысында әйелі мен ұлы полицейді өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген

24.06.2026652 Views

Бірлескен отырыс шақырылды: Парламент жұмысын тоқтата ма?

24.06.2026964 Views
Соңғы жаңалықтар

«Горбачев Назарбаевты қабылдағысы келмеген»: Шыңғыс Айтматовтың ұлы тың дерек айтты

24.06.2026

Алматы облысында әйелі мен ұлы полицейді өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген

24.06.2026

Жаңа Конституция күшіне енсе Үкімет отставкаға кете ме?

24.06.2026

Бірлескен отырыс шақырылды: Парламент жұмысын тоқтата ма?

24.06.2026

Мемлекет басшысы «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелінде сөз сөйледі

24.06.2026

Қазақстан Ақтау портының әлеуетін арттыруда

24.06.2026

Ақтөбе облысында қайтарылған жерлерді қайта игеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

24.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.