Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»АЙМАҚТА 10 МЫҢНАН АСТАМ ТҮЛЕК МЕКТЕП БІТІРДІ
Аймақ жаңалықтары

АЙМАҚТА 10 МЫҢНАН АСТАМ ТҮЛЕК МЕКТЕП БІТІРДІ

25.05.2026585 Views
default
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев оқу жылының аяқталуына орай Мырзабек Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейі түлектерінің салтанатты шарасына қатысты. Алтын ұядан ұшқалы тұрған мектеп бітірушілерге ақжолтай тілегін арнап, ұстаздар қауымын мерекемен құттықтады.
Биыл аймақта 10 мыңнан астам жас түлек он бір жыл бойы білім алған мектебімен қоштасып, жаңа өмірге жолдама алды.
«Шын мәнінде, ел мен елді, халық пен халықты теңестіретін – білім. Тек білім ғана кез келген адам үшін өмір жолын дұрыс таңдауға, өзіне деген сенімділік пен табысқа жетуге зор мүмкіндік береді.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Мектеп – білім мен тәлім-тәрбиенің киелі ордасы. Өскелең ұрпақты білімпаздыққа баулу қаншалықты маңызды болса, оларға дұрыс жол көрсету, бағдар беру де соншалықты маңызды. Біз жастардың адал әрі еңбекқор болып өсуіне ерекше мән беруіміз қажет», – деген болатын.
Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен өңірде 200-ден астам әлеуметтік нысан бой көтерді. Оның ішінде білім беру саласында ауқымды жобалар жүзеге асырылып, 45 жаңа заманауи білім беру нысаны ел игілігіне берілді.
Президент бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 10 жаңа мектеп салынды. Соның бірі – өздеріңіз алғашқы түлегі атанып отырған Мырзабек Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейінің жаңа ғимараты. Бұл мектеп ашылған соң, «Арай» шағын ауданындағы мемлекеттік мектеп мәселесі толық шешімін тапты.
Еліміздегі әрбір игілікті іс сіздердің кемел келешектеріңізге арналуда. Сіздер білімге деген ұмтылыс, адал еңбек пен табанды іс-әрекет арқылы елге қызмет ететін азамат болып қалыптасады деп сенемін. Қанаттарыңыз талмасын! Бейбіт еліміздің көгінде самғап, ата-аналарыңыздың үмітін ақтаңыздар! Әрдайым жолдарыңыз ашық болып, арман-мақсаттарыңызға жете беріңіздер!», – деді Мұрат Ергешбаев.
Аймақ басшысы осы оқу жылында 100-ге жуық сырбойылық оқушы республикалық, халықаралық білім бәйгелерінде топ жарып, жүлделі орын иеленгені ұлағатты ұстаздардың ерен еңбегі екенін ерекше атап өтті.
Биылғы оқу жылын өңірдің 320 мектебінде
1-11 сынып оқитын 189 288 оқушы аяқтады, 987 оқушы «Алтын белгіге», 1 141 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер. Ұлттық бірыңғай тестілеудің шешуші кезеңі 10 мамыр-10 шілде аралығында Қызылорда қаласы, Арал, Қазалы, Жаңақорған аудандарындағы тестілеу орталықтарында өтеді. Оған 11-сыныпты бітіруші 10 317 түлектің 9 250-і қатысады.
Оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру жоспарланған. Биыл 170 мыңнан астам оқушы жазғы тынығу лагерьлерінде, 150 мыңға жуық бала мектеп жанындағы лагерьлерде демалады. Жақында Президент саябағы аумағынан Мемлекет басшысының қолдауымен жыл бойы үздіксіз қызмет көрсететін оқу-сауықтыру орталығы ашылды.
Салтанатты шарада облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев білім ұясынан қанат қаққан жастарға ақ жол тілеп, ізгі лебізін білдірсе, ата-аналар атынан сөз сөйлеген Мұхит Төребаев ұстаздарға ризашылығын жеткізді.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Жазғы лагерьде оқушылармен профилактикалық кездесу өтті

04.08.2026594 Views

Әлем барысы» атанған балуан Аягөз ауданына әкім болды

31.07.2026693 Views

Қасым-Жомарт Тоқаев Шолпан-Атаға барды

31.07.20261 854 Views
Соңғы жаңалықтар

Жазғы лагерьде оқушылармен профилактикалық кездесу өтті

04.08.2026

Әлем барысы» атанған балуан Аягөз ауданына әкім болды

31.07.2026

Қасым-Жомарт Тоқаев Шолпан-Атаға барды

31.07.2026

Балқаш мыс балқыту зауыты ауқымды жаңғырту бағдарламасын іске асыруда

31.07.2026

Каспий құбыр консорциумы мұнай жөнелтуді қайта тоқтатты

31.07.2026

Журналист Валерий Сургановқа халықаралық іздеу жарияланды

31.07.2026

Қазақстанның транзиттік мүмкіндігі қандай?

31.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.