Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Басты жаңалықтар»Президенттің сүйікті ісі: Тоқаев тұлпарларға өз қолымен жем береді
Басты жаңалықтар

Президенттің сүйікті ісі: Тоқаев тұлпарларға өз қолымен жем береді

03.05.2026827 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мамыр мерекесі аясында әр жылдары өзіне сыйға тартылған тұлпарлардың күтім жағдайымен танысты. Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі tokayev_online парақшасында жазды.

Мемлекет басшысы бір жыл бұрын Ақалтеке тұқымынан туған қылаң боз тайға Ақжан деген ат қойғанын атап өтті. Оның айтуынша, тұлпардың бітім-болмысы ерекше: шоқтығы биік, қаз мойын, қамыс құлақ, денесі сымбатты әрі жүрісі паң. Президент жылқының зеректігі мен тектілігі оның сырт келбетінен-ақ байқалатынын жеткізді.

Сонымен қатар, бірнеше ай бұрын Ақалтеке тұқымына жататын құла түсті құлын атқораға қосылған. Оған Ақниет деген есім берілген. Мамандар бұл тұлпардың болашағынан зор үміт күтеді, тіпті халықаралық жарыстарда топ жара алатынын айтып отыр.

Президент Іс басқармасының атқорасында шетелден сыйға келген сәйгүліктер де бар. Атап айтқанда, Қатар елінен тарту етілген араб арғымақтары да осы жерде бапталуда.

Қасым-Жомарт Тоқаев жылқыларға өзі жиі келіп, қолымен жем беріп тұратынын да атап өтті. Ол қазақ халқы үшін жылқының орны ерекше екенін еске салып, «Ер қанаты – ат» деген қағиданы алға тартты. Президент ат спорты мен жылқы шаруашылығын дамытуға айрықша мән беру қажеттігін айтты.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

19 қарашада Қытайда Си Цзиньпин, Трамп, Путин үшжақты кездесу өткізеді

18.11.20263 674 Views

Екі студенттің өлімінен кейін министрлік ҚазҰУ-ды тексермек

18.11.2026784 Views

Nvidia Хуангты бас директор қызметіне қайта тағайындаудан бас тартты

18.11.2026515 Views
Соңғы жаңалықтар

19 қарашада Қытайда Си Цзиньпин, Трамп, Путин үшжақты кездесу өткізеді

18.11.2026

Екі студенттің өлімінен кейін министрлік ҚазҰУ-ды тексермек

18.11.2026

Nvidia Хуангты бас директор қызметіне қайта тағайындаудан бас тартты

18.11.2026

Қазақстанда 16 жасқа дейінгі пайдаланушыларды әлеуметтік желілерде тіркеуге тыйым салынады

18.11.2026

Жолаушылар жолақысын төлеуден неге жалтарады?

18.11.2026

Мемлекет басшысы Ұлттық мерекеге орай Латвия Президентіне құттықтау хат жолдады

18.11.2026

КОММУНАЛДЫҚ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

14.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.