Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Денсаулық

Соңғы бес жылдың ішінде Қазақстанда ана өлімі 35%-ға төмендеген

24.04.2026
Соңғы бес жылдың ішінде Қазақстанда ана өлімі 35%-ға азайды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астанада өткен Орталық Азиядағы әйелдер мен жастар денсаулығына климаттық және экологиялық қауіптердің әсеріне арналған халықаралық сессияда мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Қазақстанда соңғы бес жылдың ішінде ана өлімін 35%-ға төмендетуге, сондай-ақ ана мен бала денсаулығының негізгі көрсеткіштерін жақсартуға қол жеткізілді. Сонымен қатар нәресте және перинаталдық өлім көрсеткіштері де төмендеді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл жүйелі реформалар мен медициналық көмектің заманауи стандарттарын енгізудің нәтижесі.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, климаттың өзгеруі халық денсаулығына әсер ететін маңызды факторлардың біріне айналуда.

«Климаттық қауіптер адамдардың денсаулығына, демографиялық үдерістерге және денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығына әсер ететін жүйелі факторға айналып отыр», – деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, температураның көтерілуі мен экологиялық факторлар инфекциялық және жүрек-қантамыр ауруларының қаупін арттырып, әйелдердің репродуктивтік денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Елімізде жүкті әйелдерді ерте бақылауға алу, әйелдер денсаулығын нығайтуға бағытталған «Аналар саулығы» бағдарламасы іске асырылуда. Сондай-ақ медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде және облыстық перинаталдық орталықтарда әйелдер консультацияларының қызметі қайта жанданды. Жүкті әйелдердің 90%-дан астамы 12 аптаға дейін есепке алынады.

Туа біткен даму кемістіктері мен хромосомалық патологиялары бар бала туу қаупін уақтылы бағалау үшін «Бір күндік клиника» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба қажетті тексерулер мен консультациялардан қысқа мерзімде кешенді түрде өтуге мүмкіндік беріп, әйелдер үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен уақтылы көрсетілуін арттырады.

Сондай-ақ жасөспірімдердің репродуктивтік және психикалық денсаулығы мәселелері бойынша алдын алу жұмыстары мен консультациялар беру жүргізілетін жастар денсаулық орталықтары жұмыс істейді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.