Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Спорт»Базар жастары байқауда жоғары нәтиже көрсетті
Спорт

Базар жастары байқауда жоғары нәтиже көрсетті

02.03.2026205 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында NEET санатындағы жастар арасында киберспорттан өткен турнир мәресіне жетті. Social project management орталығының ұйымдастыруымен өткен жарысқа «Байсат», «Кенжехан», «Алтын орда», «Салем» «Өжет», «Арыстан» және тағы басқа базарлардан 30 ойыншы қатысты. Real компьютерлік клубында өткен турнирге киберспорт мамандары төрелік жасады.

Киберспорттың түрі көп екені белгілі. Ұйымдастырушылар мен қатысушылардың ұйғарымымен турнир ойыны ретінде киберспорттың FIFA 25 нұсқасы таңдалды. Ойыншылар өздеріне ұнайтын командаларды иемденіп, сол арқылы компьютер экранында ойын өрнегін көрсетті. Қатысушылар футбол командалары ретінде «Раел Мадрид», «ПСЖ», «Бавария», «Галатасарай», «Интер Майами», «Челси»  сияқты үздік клубтарды таңдап, өздері «тізгіндеген» осы клубтар арқылы бір бірімен жарысты. Жарыстың тартыс болғаны соншалық – тұтқаны қос қолдарына мығым ұстаған ойыншылар алдарындағы экраннан көз алмады. Гол соққан сәтте қуанып сергіп қалған қатысушылар да, «қап әттеген-ай» деп сан соғып қалғандар да болды. Ең бастысы жеңілгендер жеңгендерді мойындап, жеңгендер жеңілгендерді арқадан қағып жұбатып жатты.

Жарысқа қатысушылардың бірі Нұрлан Ілияс турнир кезінде былай деп өз ойын білдірді. «Бір жылдары киберспортты құмар ойындар қатарына жатқызатынмын. Бұл ойым қате екенін кейін білдім. Киберспорттың олимпиадалық ойындар тізімінде екенін естігенімде алғашында сенбедім. Анық көзім жеткен соң осы спорттың ізіне түсіп, ойын дағдымды жетілдіріп келемін. Киберспорт адамды шапшаңдыққа, аңғарымпаздыққа, алғырлыққа баулиды екен. Мұқият болмасаң аяқ астынан мүлт кетесің» дейді ол.

Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды “Алтын орда” базарынан келген Сапарбек Жәнібек иеленіп, 250 мың теңгенің сертификатын қанжығасына байлады. 2-орын “Кар сити” базарының тағы бір ойыншысы Аят Икетайға бұйырып, 150 мың теңгенің сертификатын еншіледі. “Саламат” базарының ойыншысы Әлібек Тұрысбек пен “Байсат” базарының намысын қорғаған Мырзабек Қоштықов 3-орынды өзара бөлісіп, әрқайсысы 50 мың теңгеден олжалады. Жеңімпаздарға сертификаттар мен медаль, кубоктарды турнирдің құрметті қонағы – бокстан Қазақстан Республикасының спорт шеберіАлияс Алтай табыс етті.

Бүгінгі киберспорт жарысы «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында өткен алғашқы турнир. Алдағы уақытта базар жастары арасында волейболдан, шағын футболдан, үстел теннисінен, суға жүзуден турнирлер өткізу жоспарланып отыр.

«Social project management» орталығы

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Бразилиядағы әлем кубогы кезеңіне қатысатын қазақстандық боксшылар белгілі болды

16.04.2026217 Views

Үкімет 2026–2030 жылдарға арналған боксты дамыту тұжырымдамасын бекітті

03.04.2026219 Views

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады

03.04.2026255 Views
Соңғы жаңалықтар

KazGASA — болашақ архитектурасы мен құрылысын қалыптастырушы инженерлік мектеп

16.04.2026

Бразилиядағы әлем кубогы кезеңіне қатысатын қазақстандық боксшылар белгілі болды

16.04.2026

Ләйлә Сұлтанқызы ана рөліндегі қателігі туралы ашық айтты

16.04.2026

Атыраудағы резонансты іс: күдіктілер Индонезияға қашан барғаны анықталды

16.04.2026

Сонымен, субсидия… Біз көтерген мәселеге АШМ не дейді?

16.04.2026

Қазақстан Еуропаға мұнай жеткізуде екінші орынға шықты

16.04.2026

Үкіметте шаруаларға түсетін қаржылық жүктемені азайту шаралары қаралды

15.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.