Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Үкіметте Қостанай облысының әлеуметтік саласын дамыту мәселелері қаралды
Аймақ жаңалықтары

Үкіметте Қостанай облысының әлеуметтік саласын дамыту мәселелері қаралды

10.02.2026216 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Қостанай облысының әлеуметтік саласын дамыту тақырыбында жиын өтті. Оған салалық министрліктер басшылары мен өкілдері, сондай-ақ облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Өңірдің денсаулық сақтау саласында бірқатар маңызды көрсеткіш бойынша оң динамика байқалады. Мәселен, туберкулезден болатын өлім-жітім деңгейі 7,1%-ға төмендеген. Сонымен қатар шешімін күткен мәселелер де бар. Атап айтқанда, интервенциялық көмектің қолжетімділігін арттыру, скрининг сапасын жақсарту және кадрлық әлеуетті нығайту бағытында нақты шаралар қабылдау қажет.

Облыстың білім беру жүйесін дамыту бойынша да жүйелі жұмыс жүргізілуде. Өңірдегі 30 колледжде 593 кәсіпорынның қатысуымен дуальды оқыту жүйесі сәтті енгізілген. Мектептерде цифрландыру мен жасанды интеллект технологиялары белсенді түрде қолданылып келеді. Сонымен қатар арнайы педагог кадрлар тапшылығын жоюға бағытталған жұмыстар атқарылуда.

Қостанай облысындағы жоғары білім беру саласы да тұрақты оң өсімді көрсетіп отыр. Соңғы үш жылда студенттер саны 15,3%-ға артқан. Халықаралық қос дипломды білім беру бағдарламалары кеңейіп, кадрларды тәжірибеге бейімдеп даярлау күшейтілуде. KIA компаниясымен ынтымақтастықтың нәтижелері де айқын көрінуде. «Автомобиль өнеркәсібінің инжинирингі» бағдарламасы аясында оқыған 22 студенттің 17-сі бүгінде тұрақты жұмыспен қамтылған.

Сонымен қатар азаматтарды тұрақты жұмыс орындарына орналастыру деңгейінің төмендігі негізгі түйткілдердің бірі ретінде аталды. Облыс әкімдігіне осы бағытта жұмысты күшейту тапсырылды.

Өңірде бүгінде 580 мәдениет және архив мекемесі жұмыс істейді. Кейінгі үш жылда 31 нысан жөндеуден өтіп, 5 жаңа мәдениет мекемесі салынған. Дегенмен, мәдени инфрақұрылымды жаңғыртуға деген қажеттілік әлі де жоғары деңгейде қалып отыр.

Туризм саласында Қостанай облысының әлеуеті зор болғанымен, туристік инфрақұрылымды дамыту мәселелері де өзекті. Сондай-ақ инклюзивті спортты дамытуға да ерекше назар аудару қажеттігі атап өтілді.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министрдің орынбасары бірқатар нақты тапсырма берді. Атап айтқанда, профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, кадрлық әлеуетті дамыту, сондай-ақ әлеуметтік саланың негізгі бағыттары бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру тапсырылды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ ТҰРҒЫНДАР МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУДЫҢ ИГІЛІГІН КӨРУДЕ

18.05.20261 194 Views

Үкіметте Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өтті

14.05.2026571 Views

Қазақстан алғаш рет балмұздақтың нетто-экспорттаушысы атанды

14.05.2026339 Views
Соңғы жаңалықтар

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ ТҰРҒЫНДАР МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУДЫҢ ИГІЛІГІН КӨРУДЕ

18.05.2026

Үкіметте Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өтті

14.05.2026

Қазақстан алғаш рет балмұздақтың нетто-экспорттаушысы атанды

14.05.2026

Қазақстанда қуаты жылына 1 млн тонна металлургиялық кокс өндіруге жететін жаңа зауыт іске қосылады

14.05.2026

Астанада ТМҰ елдерінің бизнес-форумы ашылды

14.05.2026

Қазақстан жол битумына деген ішкі сұранысты толық қамтамасыз етті

14.05.2026

Қарағанды облысында денсаулық сақтау саласын жаңғырту жалғасуда

14.05.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.