Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Басты жаңалықтар»МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ҮКІМЕТТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ҮКІМЕТТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

10.02.20261 683 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Онда еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалды.
Үкімет отырысына облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты.
Жиында Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен Үкіметтің биылға арналған жоспары туралы баяндама жасады. Цифрландыру үдерісі және жасанды интеллектіні енгізу мәселесіне Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев тоқталды. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ақша-несие саясаты және инфляцияны төмендету шаралары туралы есеп берді.
Кеңейтілген отырысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қорытындылады. Мемлекет басшысы ел тағдырына әсер ететін ауқымды өзгерістердің маңызын атап өтті.
«Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысында конституциялық реформаның маңызды тұстары туралы айтқанымды білесіздер. Қоғамда кеше ғана емес, жарты жылдан бері Конституцияға қатысты жан-жақты пікір алмасу жүріп жатыр. Барлық ұсынысты жүйелеп, саралау үшін 130 адамнан тұратын Конституциялық комиссия құрылды. Бұл – ауқымы жағынан да, кәсіби деңгейі тұрғысынан алып қарасақ та, еліміз үшін теңдесі жоқ комиссия. Осы жолы Комиссия құрамында шетел мамандары жоқ», – деді Президент .
Осыған дейін өткен Конституциялық комиссияның он отырысында комиссия мүшелері түзетулердің аса көптігін ескерді. Жаңа Конституцияның алғашқы нұсқасы қоғам назарын аударды, жобаның түрлі баптары қызу талқылануда.
Қалай десек те, Ата Заңымызға қатысты түпкілікті шешім жалпыұлттық референдумда қабылданады.
Мемлекет басшысы өз сөзінде қазіргі күрделі кезеңде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және халықаралық әлеуетін арттыру басты міндет екеніне тоқталды. Тұрақты даму үшін өзгерістерге экономикалық және саяси тұрғыдан бейімделу қажет.
«Біздің миссиямыз – айқын: экономикалық өсім жоғары сапаға ие болуы керек, яғни ең алдымен, халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмысын жақсартуға тиіс. Басқаша айтсақ, ішкі жалпы өнім артқан сайын азаматтардың нақты табысы да көбеюі керек. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған негізгі міндет. Аталған мақсатқа жету үшін бізге бұған дейінгі өсімді қанағат тұтпайтын, қазіргі сын-қатерлерге жедел жауап беретін, басымдықтар егжей-тегжейлі ойластырылған экономикалық саясат қажет» деп атап өтті Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Мемлекет басшысы Үкіметке уақыт оздырмай шешетін бірқатар міндет жүктеді. Атап айтқанда, тұрақты әрі қалыпты инфляция көрсеткішін және мемлекет қаржысының теңгерімділігін қамтамасыз ету, жаңа инвестициялық кезеңді толығымен жүзеге асыру. Жаппай цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу көмекші қызмет атқарумен шектелмей, экономикалық дамудың басты арқауы болуы керек.
Сондай-ақ инфляцияны ойға қонымды, қалыпты деңгейге түсіру, жаңа Салық кодексін тиімді енгізу, тиімсіз шығындарын қысқарту үшін қолданыстағы бюджет бағдарламаларын бастан-аяқ қайта қарау, бюджет қаржысын игерудің қазіргі критерийінен бас тартып, мемлекеттік инвестицияның тиімділігін басқаруды күшейту, аймақтардың қаржылық орнықтылығын нығайту шараларын қабылдауды тапсырды.
Мемлекет басшысы сөзінің қорытындысында әрдайым бір қадам алда жүру керектігін айтты.
«Батыл, тиімді шешім қабылдап, оны жедел жүзеге асыру қажет. Шын айтқанда, бүгінгі қаралып жатқан мәселелер – белгілі, олар Жолдауымда да, Ұлттық құрылтайда да көтерілді. Ел игілігі және азаматтардың мүддесі үшін еңбек ету қажет. Әрбір тапсырма уақтылы әрі сапалы орындалуы керек. Ең бастысы, елге пайдасы тиетін нақты нәтиже болуға тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Ақша неге жетпей қалады? Көбіміз жіберетін 5 қате

10.02.20263 392 Views

Ерлан Қарин: Қазақ тілі кеңсе тіліне айналуы үшін ең алдымен Ата Заңымыз мемлекеттік тілде дұрыс, түсінікті жазылуға тиіс

10.02.20267 005 Views

Үкіметте Қостанай облысының әлеуметтік саласын дамыту мәселелері қаралды

10.02.2026215 Views
Соңғы жаңалықтар

Қамчыбек Ташиев қызметінен кетті

10.02.2026

Украина: Германия Ресейге бейбіт келіссөздерде ымыраға келуге шақырды

10.02.2026

«Шай мен кофе ішіп отырады»: Тоқаев «Самұрық» қызметкерлерін сынға алды

10.02.2026

Ақша неге жетпей қалады? Көбіміз жіберетін 5 қате

10.02.2026

Ерлан Қарин: Қазақ тілі кеңсе тіліне айналуы үшін ең алдымен Ата Заңымыз мемлекеттік тілде дұрыс, түсінікті жазылуға тиіс

10.02.2026

Ақтөбе облысында жол апаты болып, 10 көлік соқтығысып қалды

10.02.2026

Дүниежүзіндегі ахуалға қарамастан, былтыр экономикамыз 6,5%-ға өсті – Мемлекет басшысы

10.02.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.