Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Денсаулық»Қарағанды облысында қайтарылған активтер есебінен 51 медициналық нысан салынды
Денсаулық

Қарағанды облысында қайтарылған активтер есебінен 51 медициналық нысан салынды

23.10.2025414 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Президенттің әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қарағанды облысында медициналық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өңірдің жеті ауданында  51 медициналық нысан, атап айтқанда фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар және медициналық пункттер салынды. Арнаулы мемлекеттік қордан 5,9 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Жобаның басты мақсаты – ауыл тұрғындары үшін медициналық көмекті қолжетімді ету және оның сапасын арттыру.

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Нысандарды медициналық ұйымдардың балансына өткізу үшін қажетті құжаттарды рәсімдеу және сондай-ақ заманауи жабдықтарды жеткізу жұмыстары жүргізілуде.

Тұрғындар енді медициналық көмекті анағұрлым жылдам әрі аудан орталығына бармай-ақ алуға мүмкіндік туғанын атап өтуде.

«Заманауи медициналық пункттің ашылуы біз үшін үлкен оқиға. Бұрын аудан орталығына баруға тура келетін, ал енді бәрі жанымызда», — деді Нұра ауданы Қарой ауылының тұрғыны Күлкен Мұхамеджанова.

Жаңа медициналық пунктте жас маман Сабина Шульц жұмыс істейді.

«Мұнда өте жақсы жағдай жасалған. Кабинеттер жарық, заманауи құрал-жабдықтар бар. Енді біз тұрғындарға жылдам әрі сапалы көмек көрсете аламыз», — деп атап өтті мейірбике.

Нұра ауданында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен барлығы 10 нысан – медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер және бір дәрігерлік амбулатория салынды.

Тап осындай өзгерістер Бұқар жырау ауданында да болды. Мұнда қайтарылған активтер есебінен 13 заманауи медициналық нысан салынды.

Сондай-ақ қайтарылған активтер есебінен Ақтоғай ауданында тоғыз, Абай ауданында – сегіз, Осакаров ауданында – бес, Қарқаралы ауданында – төрт және Шет ауданында екі денсаулық сақтау нысаны салынды.

Елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмыстары жалғасып жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бұл қаражат денсаулық сақтау, білім беру және инфрақұрылым салаларындағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға бағытталуда.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026720 Views

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.20261 376 Views

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026419 Views
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық кешен іске қосылды

10.09.2026

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

10.09.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ САЛДЫ

09.09.2026

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.