Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Денсаулық»Қазақстан – кардиохирургия мен трансплантология саласындағы әлемдік көшбасшылардың қатарында
Денсаулық

Қазақстан – кардиохирургия мен трансплантология саласындағы әлемдік көшбасшылардың қатарында

13.10.2025234 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгінде қазақстандықтарға жүрекке жасалатын оталар, ағза ауыстыру және заманауи оңалту тәсілдері секілді жоғары технологиялы медициналық көмектің 80 түрі қолжетімді. Бұл туралы Астанада өткен «Қазақстан Республикасындағы медициналық туризмді дамыту: болашағы мен мүмкіндіктері» атты алғашқы халықаралық конференция барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова атап өтті.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанның кардиохирургия қызметі әлемнің үздік 30 елінің қатарына кіреді. Соңғы 15 жылда жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім үш есеге азайды.

Орталық Азия аймағындағы жетекші қазақстандық кардиохирургиялық клиника төмендегі халықаралық бағдарламалар бойынша сертификатқа ие:

• «Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі»
• «Жасанды сол жақ қарыншаны имплантациялау»

Бұл орталықтың есігін шетелдік науқастар үшін ашуға мүмкіндік берді.

Клиника мамандарының жетістіктері:

● 86 жүрек трансплантациясы
● 460 жасанды сол жақ қарыншаны имплантациялау
● 17 өкпе ауыстыру операциясы
● Толық жасанды жүректі имплантациялау және кейін жүрек трансплантациясы – 3 жағдай

Соңғы 10 жылда елімізде интервенциялық операциялардың саны 3 есеге артты. Қазіргі таңда Қазақстанда 42 коронарлық араласу орталығы және 89 ангиографиялық қондырғы жұмыс істейді. 2012 жылдан бері ашық жүрекке жасалатын операциялардың саны 2 есеге өсіп, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімнің айтарлықтай төмендеуіне ықпал етті.

Қазақстанда трансплантологияны дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Елде жыл сайын 250–260 бүйрек, бауыр және жүрек ауыстыру операциясы жасалады.

Денсаулық сақтау министрлігі заңнамалық базаны жетілдіру, донорлықты дамыту және трансплантациялық көмектің қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстарды жалғастыруда.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026520 Views

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026614 Views

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026920 Views
Соңғы жаңалықтар

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026

Түркістан облысында жылыжай шаруашылығын дамытуға 534 млрд теңгеден астам инвестиция салынады

02.07.2026

ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрестің нәтижелерін жариялады

02.07.2026

Қазақстан трансұлттық есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтіп жатыр

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.