Бүгін дәстүрлі «Алтын күз – 2026» шарасы аясында Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінің орталық алаңында ұйымдастырылуда.
Жәрмеңкеге Шиелі ауданынан 110-ға жуық көлікпен жалпы көлемі 189,2 тонна ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді. Тұрғындарға жергілікті тауар өндірушілердің табиғи әрі сапалы өнімдері нарықтағы бағадан төмен, қолжетімді бағамен ұсынылуда.
ЖӘРМЕҢКЕГЕ ЖЕТКІЗІЛГЕН ӨНІМДЕР:
🔹 Картоп – 78 тонна;
🔹 Пияз – 17 тонна;
🔹 Ақ күріш – 40 тонна;
🔹 Бақша өнімдері – 40 тонна;
🔹 Көкөністер – 10 тонна;
🔹 Ет – 2,5 тонна;
🔹 Бал – 0,5 тонна;
🔹 Сүт – 0,3 тонна;
🔹 Құрт – 0,3 тонна;
🔹 Сары май – 0,1 тонна;
🔹 Сөк, талқан – 0,5 тонна.
Сонымен қатар жәрмеңкеге 30 бас тоқты және 210 пресс жоңышқа шөбі жеткізілді.
Аталған жәрмеңке жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдауға, отандық өнімдердің сауда айналымын арттыруға және қала тұрғындарын сапалы азық-түлікпен қолжетімді бағамен қамтамасыз етуге бағытталған.


