Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ӘЙТЕКЕ БИ БӘЙБЕКҰЛЫНЫҢ 380 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Аймақ жаңалықтары

ӘЙТЕКЕ БИ БӘЙБЕКҰЛЫНЫҢ 380 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

21.10.20244 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Аймақ басшысы конференция жұмысына сәттілік тілеп, тарихи тұлғаны ұрпақ жадында жаңғыртудың маңызына тоқталды.
«Халқымыз батырлары мен сал-серілерін, даңқты дала қаһармандарын дәріптеп, ұлыларын қастерлеп келеді. Баршаңызды қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан аса көрнекті мемлекет қайраткері, кемеңгер ойшыл Әйтеке би Бәйбекұлының 380 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Әйтеке би Бәйбекұлы – қазақ тарихына өзінің жасампаздық қызметімен із қалдырған тұлға. Қазақтың үш ұлы биі, үш даңқты данагөйі – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің есімдері ұлт бірлігінің айнымас символы болып бізге жеткен. Қазақ тарихындағы ең күрделі кезең – жоңғар шапқыншылығы уақытында елді бірлікке үндеп, Бұқара мен Самарқанда би болған.
Биыл Өзбекстанның Науаи облысында Әйтеке бидің 380 жылдығы кең көлемде тойланды. Мерекелік іс-шараларда Сыр өнерпаздары өнер көрсетіп, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов айтыстың бас жүлдесін еншілеп қайтты. Наурыз айында Қызылорда қаласында республикалық командалық айтыс ұйымдастырылып, жерлестеріміз топ жарды.
Баба есімін ұлықтау мақсатында Ақтөбе облысының бұрынғы Қарабұтақ және Комсомол аудандары біріктіріліп, Әйтеке би ауданы, Жаңақазалы поселкесі Әйтеке би кенті деп аталғаны бәріңізге мәлім. 2000 жылы Қазалы ауданының орталығында Әйтеке бидің құрметіне кесене тұрғызылды. Бас көше бабамыздың атымен аталып, 2019 жылы аудан әкімдігі ғимаратының алдынан 12 метрлік еңселі ескерткіші бой көтерді.
Тарих – тағылым. Өткенінен сабақ алмаған ел табысқа жетпейді. Әйтеке бидің ұлағатты өмірін ұлтқа, ұрпаққа кеңінен өнеге етудегі шаралар жалғасын таба берсін. Бүгінгі конференция жұмысына сәттілік тілеймін!», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Конференцияны Қазалы ауданының әкімі Мейрамбек Шермағанбет жүргізді. Іс-шарада Ұлттық Ғылым академиясының академигі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Берекет Кәрібаев «Әйтеке би және оның заманы», фольклортанушы, филология ғылымдарының кандидаты Берік Жүсіпов «Әйтеке би: мұрағат мәліметтерін қайта зерделеу мәселесі» тақырыбында баяндама жасады. Көтерілген тақырыптар бойынша қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Сонымен қатар, қоғам қайраткері, республикалық Жалаңтөс баһадүр қорының президенті Нажмадин Мұсабаев, тарих ғылымдарының кандидаты Нұрлыбек Мыңжас, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Өтеубай Қожақов сөз сөйледі.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ СЫР ЖАСТАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

09.10.2026269 Views

«ӘДІЛЕТ»: ҚАРМАҚШЫ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

08.10.2026286 Views

Ақтөбеде шыны ыдыс шығаратын зауыт салынады

08.10.2026216 Views
Соңғы жаңалықтар

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ СЫР ЖАСТАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

09.10.2026

«ӘДІЛЕТ»: ҚАРМАҚШЫ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

08.10.2026

Инфляцияның баяулауы халықтың табысына қысымды төмендетеді

08.10.2026

Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

08.10.2026

Ақтөбеде шыны ыдыс шығаратын зауыт салынады

08.10.2026

Қазақстанда 2028–2029 жылдары 4 ГВт дәстүрлі генерация енгізіледі

08.10.2026

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.