Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Басты жаңалықтар»Иран президенті тікұшақ апатынан қайтыс болды
Басты жаңалықтар

Иран президенті тікұшақ апатынан қайтыс болды

20.05.20243 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

19 мамырда БАҚ Иран президенті мінген тікұшақ Иранның Шығыс Әзірбайжан провинциясына «апатты жағдайда қонғанын» хабарлады. Президент Эбрахим Раиси мен елдің Сыртқы істер министрі Хосейн Амир-Абдоллахиан мінген тікұшақ қалың орман алқабына құлаған.

«Иран халқы алдындағы борышын өтеп жүрген Ибрахим Раиси апатқа ұшырап, шәһид болды», — делінген агенттік хабарламасында.

 

Тікұшақта болған жолаушылар: Ибрахим Раиси, Хосейн Амир-Абдоллахиан, Иранның Шығыс Әзірбайжан облысының губернаторы Малек Рахмати және Ислам революциясы жетекшісінің Шығыс Әзірбайжан провинциясындағы өкілі аятолла Мохаммад Али Але-Хашем және тағы бірнеше адам қайтыс болды, деп жазады басылым.

Сонымен қатар, 73 құтқару тобы тікұшақты 10 сағаттан астам іздегені айтылады. Құтқарушылардың жұмысына ауа райының қолайсыздығы – қалың тұман, нашар жол және жаңбыр кедергі келтірді. Төтенше жағдай орын алған жерге жіберілген құтқару тікұшағы көру мүмкіндігінің нашарлығынан қона алмай, кері қайтуға мәжбүр болған.

ISNA агенттігі Иран үкіметі бір сағат ішінде Ибрагим Раисидің өліміне қатысты мәлімдеме жасайтынын жазды. Үкімет шұғыл жиынға шақырылды, деп хабарлайды Tasnim. Ибрагим Раисидің қайтыс болғаны туралы ақпарат құралдарының хабарын Иранның билік өкілі Мохсен Мансури растады.

Ал, елдің бірінші вице-президенті Мұхаммед Мұхбар уақытша Иран президенті болады. Иранның жаңа президенттік сайлауы 50 күн ішінде өтуі тиіс.

 

Фото: Iranian Presidency Office / AP

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ СЫР ЖАСТАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

09.10.2026269 Views

«ӘДІЛЕТ»: ҚАРМАҚШЫ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

08.10.2026286 Views

Инфляцияның баяулауы халықтың табысына қысымды төмендетеді

08.10.2026627 Views
Соңғы жаңалықтар

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ СЫР ЖАСТАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

09.10.2026

«ӘДІЛЕТ»: ҚАРМАҚШЫ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

08.10.2026

Инфляцияның баяулауы халықтың табысына қысымды төмендетеді

08.10.2026

Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

08.10.2026

Ақтөбеде шыны ыдыс шығаратын зауыт салынады

08.10.2026

Қазақстанда 2028–2029 жылдары 4 ГВт дәстүрлі генерация енгізіледі

08.10.2026

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.