Автор: un_admin

Мемлекет басшысының азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде елімізде 2026 жылғы егіс науқаны аяқталды. Көктемгі дала жұмыстары еліміздің барлық өңірінде белгіленген агротехникалық мерзімде жүргізілді, деп хабарлайды Primeminister.kz. Науқанның уақтылы жүргізілуіне Үкімет тарапынан қабылданған мемлекеттік кешенді қолдау шаралары ықпал етті. Атап айтқанда, шаруаларды қажетті материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету, егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру, су үнемдеу технологияларын енгізу, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жеңілдетілген қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейтуге басымдық берілді. Қабылданған шаралар егіс жұмыстарының тұрақты жүргізілуін қамтамасыз етуге және ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру үшін қосымша жағдай жасауға мүмкіндік берді. Фермерлерді ерте қаржыландыру және…

Read More

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге байланысты мәжіліс өтті. Онда әріптестері осы уақытқа дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған Ардақ Темірханұлы Зебешевті Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалуына байланысты құрметпен шығарып салды. Аймақ басшысы Ардақ Темірханұлының өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, инвестициялық әлеуетін арттыруға және кәсіпкерлікті қолдауға қосқан елеулі үлесін атап өтіп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі. «Ардақ Темірханұлы 2024 жылдың ақпан айынан бері облыс әкімінің орынбасары ретінде инвестиция тарту және кәсіпкерлік салаларына жетекшілік етті. Оның үйлестіруімен өңірдің инвестициялық ахуалын жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізіліп, Мемлекет басшысының инвестициялық экожүйені қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыруда нақты нәтижелерге қол…

Read More

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры, белгілі жырау, фольклортанушы ғалым Алмасбек Алматовпен кездесті. Кездесуде Сыр өңірінде атадан балаға мұра болып қалған жыраулық, жыршылық өнердің дамуы, жастарды ұлттық өнерге баулу жайы әңгіме өзегіне айналды. Аймақ басшысы қазақтың дәстүрлі өнерінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан қайраткердің ұлттық мұрамызды ғылыми тұрғыдан зерттеп, кәсіби білім беру жүйесіне енгізіп, шәкірт тәрбиелеген еңбегін ерекше атап өтті. Тәуелсіздік жылдарында жыраулық өнер академиялық білім беру жүйесіне енгізіліп, «Дәстүрлі өнер – жыр» мамандығы ашылды. Алмасбек Алматов тәрбиелеген шәкірттер Сыр өңіріндегі мақам-саз ерекшеліктеріне негізделген мектептерді бүкіл елімізге танытты. Мемлекет басшысы Қызылордада өткен Ұлттық…

Read More

Ағымдағы жылғы 5 маусым күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары М.Бибітова Қызылорда облысы бойынша қазынашылық департаменті және Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында қоғамда адалдық қағидаттарын нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту мәселелері кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа байланысты белгіленген шектеулер мен жауапкершілік тетіктері жан-жақты түсіндіріліп, “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” жаңа Заңның негізгі бағыттары мен енгізілген өзгерістері таныстырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Онымен қоса, кадрлық процестердің ашықтығы мен әдеп стандарттарын сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу, барлық кезеңдерде адалдық пен парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесу аясында…

Read More

Бұл – еліміздің бірегей табиғи байлығын сақтауға үлес қосып жүрген мамандардың кәсіби мерекесі. Бүгінде Қазақстанда көгалдандыру, экожүйелерді қалпына келтіру және экологиялық мәдениетті дамыту бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Алайда қоршаған ортаны қорғау тек ірі жобалар мен экологтардың еңбегімен ғана шектелмейді. Табиғатқа жанашырлық танытып, оған жауапкершілікпен қарау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Мереке құтты болсын!

Read More

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Ұлытау облысының бірқатар өңірлерінде жастардың қатысуымен тазалық пен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды өңір әкімдігі. Сәтбаев қаласында «Таза қала – жарқын болашақ» атты жастар челленджі өтті. Іс-шара барысында жастар қала тазалығын сақтаудың маңыздылығын насихаттап, қоғамдық орындарды таза ұстауға шақырды. Қатысушылар «Таза орта – жарқын болашақ!», «Тазалық өзімізден басталады» ұрандарын қолдап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында белсенділік танытты. Сонымен қатар, Жаңаарқа ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза аллея» челленджі ұйымдастырылды. Шара барысында жастар аллея аумағын тазалап, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосты. Экологиялық акциялардың негізгі мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған…

Read More

Соңғы 2,5 жылда Каспий теңізіне 35 млрд текше метрден астам су жіберілген. Оның ішінде шамамен жартысы – 17 млрд текше метрден астам су 2024 жылы тіркелген ауқымды су тасқыны кезеңіне тиесілі. Ал 2026 жылдың басынан бері Каспий теңізіне 6,16 млрд текше метр су бағытталды, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі. Жаңа Су кодексін іске асыру мақсатында министрлік Қазақстандағы өнеркәсіптік кәсіпорындарды түгендеу жұмыстарын аяқтады. Былтыр қабылданған Су кодексіне сәйкес кәсіпорындар бес жылдық мерзімге арналған айналымды сумен жабдықтау жүйесіне көшу жоспарын әзірлеуге міндетті. Сонымен қатар қолданыстағы жүйелер ең үздік қолжетімді технологияларды пайдалана отырып жаңғыртылуға тиіс. Қазіргі уақытта осындай 168 жоспар әзірленген. Мұндай…

Read More

Қорғаныс технологияларының ұлттық экожүйесін дамыту мақсатында Қорғаныс министрлігі Defence Tech бағытын белсенді түрде дамытып келеді. Бүгінде Defence Tech отандық инновацияларды дамытуға арналған стратегиялық алаң ретінде қарастырылуда.Бұл жайында ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты. Оның негізгі бағыттары: ұшқышсыз технологиялар, роботтандырылған жүйелер, ЖИ және киберқауіпсіздік технологиялары. Осы бағыт аясында мемлекет, IT-компаниялар, инженерлік қоғамдастық, ғылыми ұйымдар, техникалық жоғары оқу орындары, стартаптар және жас әзірлеушілер арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін Defence Tech офисі жұмыс істейді. Сондай-ақ ол SHAIQAS 2026 чемпионаты өткізіліп жатқанын хабарлады. Жарысқа 1-15 маусым аралығында тіркелуге болады. «Қатысушылар дрондарды жинап ұшырады, барлау жасайды, координаттарды жібереді. Сондай-ақ роботтарды құрастырып,…

Read More

Әскери білім беру саласындағы цифрлық шешімдерді дамыту Қорғаныс министрлігі қызметінің басым бағыттардың бірі болып қала береді. Азаматтардың мерзімді әскери қызметті өткеруге деген уәждемесін арттыруға және олардың білім алуы мен жұмысқа орналасуы үшін мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған «Sarbaz 2.0» жобасын дамыту жалғасуда. ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конферецниясында осылай деп мәлімдеді. Жобаны іске асыру кезеңінде 180 000 астам адам тестілеуден өтті. Олардың 10 мыңнан астамы мемлекеттік білім беру гранттарының иегері атанды. Д.Ахмедиевтің айтуынша, бұл жоба әлі де жалғасын табады. Жыл сайын үздік сарбаздарға 3-4 мың грант бөлінеді. «Әскери оқу орындары«Askeri Ziyat» бірыңғай цифрлық білім беру платформасына біріктірілді. Яғни…

Read More

5 маусымда, Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнінде Қазақстанға «Тирпарк Берлин» хайуанаттар бағынан (Германия Федеративтік Республикасы) Пржевальский жылқыларының екінші тобы жеткізілді. Бұл айтулы оқиға әлемде сақталып қалған жабайы жылқының жалғыз түрінің популяциясын қалпына келтіру және елдің биологиялық әртүрлілігін сақтау жөніндегі халықаралық жобаны жүзеге асырудың маңызды кезеңі болды, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі. Жануарлар Пржевальский жылқысының популяциясын қалпына келтіру жөніндегі халықаралық жоба аясында Қостанай қаласының халықаралық әуежайына арнайы әуе рейсімен жеткізілді. Қажетті ветеринариялық процедуралардан өткеннен кейін, жылқылар арнайы көлікпен «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватының Реинтродукция орталығына жіберілді. Онда олар мамандардың бақылауымен бейімделу кезеңінен өтеді. Жануарлардың келуі Пржевальский жылқысын Қазақстан…

Read More