Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

10 мыңнан астам қазақстандық әскери оқу орындары грантының иегері атанды

05.06.2026
Әскери білім беру саласындағы цифрлық шешімдерді дамыту Қорғаныс министрлігі қызметінің басым бағыттардың бірі болып қала береді. Азаматтардың мерзімді әскери қызметті өткеруге деген уәждемесін арттыруға және олардың білім алуы мен жұмысқа орналасуы үшін мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған «Sarbaz 2.0» жобасын дамыту жалғасуда. ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конферецниясында осылай деп мәлімдеді.

Жобаны іске асыру кезеңінде 180 000 астам адам тестілеуден өтті. Олардың 10 мыңнан астамы мемлекеттік білім беру гранттарының иегері атанды.

Д.Ахмедиевтің айтуынша, бұл жоба әлі де жалғасын табады. Жыл сайын үздік сарбаздарға 3-4 мың грант бөлінеді.

«Әскери оқу орындары«Askeri Ziyat» бірыңғай цифрлық білім беру платформасына біріктірілді. Яғни бізде оқып жатқан кадеттер, мұғалімдер, ғалымдардың жұмысын цифрландыру, олардың қарым-қатынас процестерін оңтайландыру көзделген. Барлық керек ақпаратты осы платформа арқылы алуға болады. Қағаз айналымы жоқ. Кестелер онлайн жасалады», – деді спикер.

Жүзеге асып жатқан келесі жоба – Әскери-медициналық қамтамасыз ету жүйесін цифрландыру. Әскери қызметшілер үшін дәрігердің қабылдауына онлайн-режимде жазылуға мүмкіндік беретін мобильді қосымша енгізілді. Болашақта әскери комиссиялардың жұмысы да цифрландырылмақ. Арнайы платформада әскерилердің денсаулығы жайлы ақпарат жинақталады. Қазір барлық лазарет пен медициналық кабинеттер бір жүйеге қосылды.

Д.Ахмедиев мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру және ішкі процестерді автоматтандыру жұмыстарына да тоқталып өтті. Олардың 90%-дан астамы электрондық форматта көрсетіледі, тең жартысы проактивті түрде жасалынады. Яғни мемлекеттік базалармен интеграция арқасында әскерден босату, анықтамалар алу сынды процестер бір жүйеге енгізілді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.