Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Спорт»Базар жастары киберспорттан бақ сынасты
Спорт

Базар жастары киберспорттан бақ сынасты

30.06.2025202 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында NEET санатындағы жастар арасында киберспорттан өткен турнир мәресіне жетті. Social project management орталығының ұйымдастыруымен өткен жарысқа «Саламат», «Қазына», «Алтын орда», «Сарыарқа» «Өжет» және тағы басқа базарлардан 30-дан астам ойыншы қатысты. Real компьютерлік клубында өткен турнирге киберспорттан бірнеше чемпионаттардың жеңімпазы болған Бірім Аманов төрелік жасады.

Киберспорттың түрі көп екені белгілі. Ұйымдастырушылар мен қатысушылардың ұйғарымымен турнир ойыны ретінде киберспорттың FIFA 25 нұсқасы таңдалды. Ойыншылар өздеріне ұнайтын командаларды иемденіп, сол арқылы компьютер экранында ойын өрнегін көрсетті. Қатысушылар футбол командалары ретінде «Манчестер Сити», «Бавария», «Галатасарай», «Интер Майами», «Челси»  сияқты үздік клубтарды таңдап, өздері «тізгіндеген» осы клубтар арқылы бір бірімен жарысты. Жарыстың тартыс болғаны соншалық – тұтқаны қос қолдарына мығым ұстаған ойыншылар алдарындағы экраннан көз алмады. Гол соққан сәтте қуанып сергіп қалған қатысушылар да, «қап әттеген-ай» деп сан соғып қалғандар да болды. Ең бастысы жеңілгендер жеңгендерді мойындап, жеңгендер жеңілгендерді арқадан қағып жұбатып жатты.

Жарысқа қатысушылардың бірі Нұрхат Сармулдин турнир кезінде былай деп өз ойын білдірді. «Бір жылдары киберспортты құмар ойындар қатарына жатқызатынмын. Бұл ойым қате екенін кейін білдім. Киберспорттың олимпиадалық ойындар тізімінде екенін естігенімде алғашында сенбедім. Анық көзім жеткен соң осы спорттың ізіне түсіп, ойын дағдымды жетілдіріп келемін. Киберспорт адамды шапшаңдыққа, аңғарымпаздыққа, алғырлыққа баулиды екен. Мұқият болмасаң аяқ астынан мүлт кетесің» дейді ол.

Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды “Алтын орда” базарынан келген Самарбек Жәнібек иеленіп, 250 мың теңгенің сертификатын қанжығасына байлады. 2-орын “Алтын орда” базарының тағы бір ойыншысы Мұстафа Әбдірасылға бұйырып, 150 мың теңгенің сертификатын еншіледі. “Өжет” базарының ойыншысы Нұрлан Ілияс пен “Қазына” базарының намысын қорғаған Ринат Алибеков 3-орынды өзара бөлісіп, әрқайсысы 50 мың теңгеден олжалады. Жеңімпаздарға сертификаттар мен медаль, кубоктарды турнирдің құрметті қонағы – «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Талғар аудандық филиалының директоры Айдос Қалжанов табыс етті.

Айта кетейік, бұған дейін «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында Алматы қаласындағы базар жастары арасында шағын футболдан, үстел теннисінен турнирлер өткен болатын. Бүгінгі киберспорт жарысы осы жоба аясында өткен үшінші турнир. Алдағы уақытта волейболдан, баскетболдан турнирлер өткізу жоспарланып отыр.

«Social project management» орталығы

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Базар жастары байқауда жоғары нәтиже көрсетті

02.03.2026202 Views

Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады

25.02.2026852 Views

Мемлекет басшысы сумошы Ерсін Балтағұлды қабылдады

16.02.2026631 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДА – АҚТӨБЕ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОЛДЫ ТӨРТ ЖОЛАҚТЫҒА КЕҢЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

17.03.2026

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ ЖАС ЖҰБАЙЛАР САЯСИ НАУҚАННАН ҚАЛЫС ҚАЛМАДЫ

15.03.2026

РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНДЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫСТАР ӨТКІЗІЛДІ

15.03.2026

САЗДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАСТАРЫ МОТОЦИКЛ ШЕРУІН ЖАСАП, ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

15.03.2026

ТЕМІРЖОЛШЫЛАР РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

15.03.2026

Арал ауданында өткен референдумға байланысты «Толқын» газетінің бас редакторы өз пікірін білдірді

15.03.2026

КӨК БӨРІ №260 УЧАСКЕДЕ

15.03.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.